8 наурыз күні анасын өлтіріп, өзі балконнан секіріп кеткен

/uploads/thumbnail/20170709223336533_small.jpg

33 жастағы Қарағанды тұрғыны өз анасын өлтіріп, содан кейін бесінші қабаттан секіріп қаза болды, деп хабарлады Baq.kz агенттігінің Қарағандыдағы тілшісі.

Оқиға 8 наурыз мерекесі күні болған. Әйел адамның шыңғырған даусын естіген көршілері полицияға хабарлаған. Олардың айтуы бойынша, құқық қорғау қызметкерлері оқиға орнына тез жеткен. Алайда, полиция қызметкерлеріне ешкім есік ашпаған. Сол уақытта анасын өлтірген жігіт балконнан секіріп кеткен.
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ер адам ауруханаға жеткізілгенге дейін қайтыс болған.

«Онда жоғарыдан құлаған адамға тән жарақаттар болды. Ауруханаға апара жатқан жолда ер адам көз жұмды», - деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

«Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды ҚР 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды», - дейді Қарағанды облысы ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Жібек Мұқашева
 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар