Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хеге жемқорлыққа қатысты дау үшін Парламент қабылдаған импичментті Елдің Конституциялық Соты мақұлдады. Бұл туралы BBC-дің орыс қызметі жазды. Заңға сай Пак Кын Хе өз президенттік резиденциясын бүгін тастап шығуы тиіс. Парламент импичментті 9 желтоқсанда қабылдаған еді, бірақ ел заңына сәйкес 60 күн бойы Конституциялық сот аталмыш шешімді зерттеп, бүгін оны мақұлдады.
Естеріңізде болса Пак Кын Хенің құрбысы Чхве Сун Силь аяқ асты байып кеткені үшін күдік туындап, артынша оның президенттің құрбысы екендігін пайдаланып, белді компаниялардан ақша бопсалағаны айтылған еді. Енді міне жемқорлық екеуінің де түбіне жетіп отыр. Сондай-ақ аталған іс бойынша Samsung компаниясының бірнеше басшысы да істі болды.
Айта кететін болсақ, Ел президентінің жемқорлық дауы туындаған соң миллиондаған халық алаңдарға шығып, оның отставкаға кетуін талап еткен болатын.
64 жастағы Пак Кын Хе – Оңтүстік Кореяның 11 Президенті. Ол бұрынғы Президент Пак Чон Хидің қызы. Пак Кын Хе ел басшысы лауазымына 2013 жылдың 25 ақпанында отырған. Ол үйленбеген, баласы жоқ.
Пікір қалдыру