БҰҰ тарихындағы ең үлкен дағдарыс орын алды

/uploads/thumbnail/20170709224551383_small.jpg

Африкадағы 4 мемлекетте орын алып отырған  дағдарыс  БҰҰ-ның пайымдауынша ұйым пайда болған уақыттан бастап орын алған  ең  үлкен, ірі әрі қауіпті  гумманитарлық дағдарыс болып отыр. Бұл туралы «Қамшы» порталы ntv.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Йемень, Нигерия, Сомали, Оңтүстік Судандағы апаттық гуманитарлық жағдай босқындар легін толықтыра түспек, нәтижесінде ғаламшардың көптеген аумақтарында тұрақсыздық орын алмақ.

   БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелер бойынша бас  хатшысының орынбасары Стивен О’Брайен бұл туралы:

«Тарихта орын алған ауыр жағдайлардың бірін бастан кешіріп отырмыз. Қазіргі таңда ғаламшардағы 20 миллионнан аса адам аштықты бастан кешіруде. Ұйымшыл, біріккен күшсіз, біз ол адамдарды құтқара алмаймыз. Аштықтан, аурудан қаза тауып жатқан адамадарға жәрдем қолын созуымыз қажет».

Оның айтуынша БҰҰ-ның осы елдердегі гуманитарлық мәселелерге арналған арнайы жоспарлары бар. Сонымен бірге көмек көрсетуге бағытталған кәсіби қызметкерлер тобы бар. Бұл жоспарды іске асыруға  4,4 миллиард АҚШ доллары қажет.  Аумақаралық, халықаралық деңгейдегі біріккен күш жұмсалуы тиіс екендігі басты мақсат ретінде қарастырылуда.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар