«Қайрат» футбол құрамасы әлем бойынша «ең үздік клуб» мәртебесіне ұсынылды

/uploads/thumbnail/20170709224759135_small.jpg

 2016 жылғы нәтижелер бойынша футзалдағы мықты командалар анықталатын болады. Futsalplanet.com порталы жариялаған номинанттар тізімінде «Қайрат» футбол клубы бар.  Бұл туралы «Қамшы» порталы Sports.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

 «Кайрат» футбол клубы былтырғы жылы Қазақстан Чемпионатын, Қазақстан Кубогын, Еременко Кубогын иеленген, сонымен қатар УЕФА Кубогының элиталық кезеңінен сәтті өткен.

Номинанттардың толық тізімі:

«Баратейро» (Бразилия, әйелдер құрамасы)

«Серро Портеньо» (Парагвай)

«Коринтианс» (Бразилия)

«Газпром-Югра» (Ресей)

«Кайрат» (Қазақстан)

«Магнус» (Бразилия)

«НАФИТ Аль-Васат» (Ирак)

«Нагоя» (Жапония)

«Интер Мовистар» (Испания)

«Спортинг» (Португалия).

Сонымен бірге,Futsalplanet.com  порталы «Қайрат» клубының бас жаттықтырушысы Какауды «үздік клубтық жаттықтырушы» номинациясына лайықты деп есептеген. Ал Қазақстанның футзал бойынша құрама командасы «ең үздік футбол клубы» мәртебесіне ұсынылып отыр.

Қатысты Мақалалар