Қазақстандық актер, режиссер Нұртас Адамбай қазақ тілін білмейтін адамдарға қатысты айтылатын сын-пікірлерге жауап берді. Өзінің Фейсбук парақшасындағы жазбасын «Қамшы» порталы қазақ тіліне аударып, назарларыңызға ұсынады. Елімізде таза қазақша сөйлей алмайтын қаншама азаматтарымыздың бары шындық. Және оларға айтылатын теріс пікірлер де баршылық. Бұндай теріс пікірлерге Нүртас Адамбайдың ашуы қара қазандай.
Олай болса, актер-режиссердің аударылған нұсқадағы жазбасы мынадай:
«Менің әлеуметтік желідегі жазбаларыма көбіне мынадай пікірлер келіп түседі: «Қазақша неге жазбайсың?», «Қазақша сөйле!». Тіпті, осы жақында бір жасы келген кісінің «Бұл қазақтың жері! Қазазқша сөйлеу керек!» деген пікірін көзім шалды. Ол кісінің сөзінен жай ғана сөгіс емес, агрессия байқалды.
Мен қазақ тіліне қатысты айтылған осы сынды пікірлерге өз жауабымды айтуды жөн санадым.
Өз ана тілін жетік білмеген адамға неге аспаннан салбырап түскендей қарайсыздар? Біз ғайыптан пайда болған жоқпыз ғой. Өз мемлекетімізде қазақ тілінен гөрі орыс тілін сапалы үйреткендері үшін біз бе кінәлі? Әлде ол мектептердің негізін қалаған біз бе едік? Бүгін бізді сөгіп отырған қариялар сол заманда қайда қарап отырды? Сол кезде орыс мектептерінің емес, қазақ мектептерінің көбірек салынуына неге сіздер атсалыспадыңыздар? Қазақ тіліндегі кітаптардың сапасыз басылымына неге сол кезде көңіл бөлмедіңіздер? Тіпті, мына аудармаларға қарап, қазақ тілінде бүгіннің өзінде бірізділік жоқ екенін байқауға болады: әуежай, пәлсапа, ғаламтор т.б.
Иә, әр азамат өз мемлекеттік тілін білуге міндетті. Бірақ бұл мәселені қоғамдық дауға айналдырмау керек. Күшпен адамға жаға алмайсың.
Кейбір «ана тілін құздай қорғаушылар» өз тілінде емес, орыс тілінде сөйлегендерді Отанының сатқыны деп есептейді. Сізд алдымен ол адамның айтып жатқан сөзіне мән беріңіз, содан кейін қай тілде айтып жатқанын аңғарыңыз.
Мен басқа тілдерден гөрі орыс тілін жетік меңгергенмін. Және орыс тілінің берген біліміне алғыс айтамын. «Құдіретті тілді» білу – біздің әлсіздігімізді көрсетпейді, керісінше күшімізідң көрсеткіші.
Осы мәселеге байланысты сыни-пікірлер бұрыннан айтылып келеді. Мен не істеу керектігімді өзім шешемін. Өз Отаным мен халқымды қалай жақсы көретініме өзім ғана куәмін, басқасы басын ауыртпасын.
Тек осы мәселені басқа тұрғыдан түсінетіндерге қарап көңілім қынжылады. Өз тілдерін дұрыс меңгермей, өз мемлекеттерінде өздерін кемсітіп ұстайтын талай адамдарды кездестірдім. Тіпті, олар Қазақстаннан біржола көшуді жоспарлап жүр.
Достар, бұл біздің ортақ Отанымыз және әркім еліне тек жақсылық тілейді.
Бүгінде еліміз халық арасындағы бірлікке мұқтаж. Ал, елдің бәрі бірін-бірі сөгумен уақыттарын өткізуде.
Адамдарды «таза қазақтар» мен «шала қазақтар» деп бөлудің қажеті қанша? Бұл тәуелсіз мемлекеттің тұрғындарын екіге бөлгенмен тең.
Бүгінгі халықтың көбі өз ана тілдерінде сөйлейтініне өз басым сенімдімін. Алматы қаласының ескі алаңында өтетін Гәкку арнасының жылдық концертінде кемінде 40 мың көрермен қазақша әндерді қосылып айтады. Бұл тамаша ғой! Өз мемлекеттік тілін жетік меңгеріп келе жатқан ұрпақ өсіп жатыр, бұған қуануымыз керек. Алайда, белгілі себептермен қазақ тілінде тәрбиеленбеген адамдарды сөгудің қажеті жоқ.
Өз мемлекетімді шексіз сүйемін, болашағына алаңдаймын. Бұндай сын-пікірлердің орын алуына қарсымын. Болашақта бәрі жақсы болады.
П.с. «Келинка Сабинаның» басты кейіпкері біраз уақыт ауылда тұрғандықтан, өз еркімен қазақ тілі курсына жазылды. Оны ешкім қинаған жоқ, өзі солай шешті».
Пікір қалдыру