Олжекеңдер мен Бигелділердің артында кімдер тұр?

/uploads/thumbnail/20170709225437750_small.JPG

Соңғы кездері Қазақстандағы шалақазақтардың жоғын жоқтаушы, мұңын мұңдаушы ретінде айрықша көзге түсіп жүрген орыс тілді басылым - Central Asia Monitor газеті болып тұрғаны айдай ақиқат. Оның бұрынғы бас редакторы Бигелді Ғабдуллин тек өздері ойдан шығарып алған «қазақ ұлтшылдарымен» ашық айқасқа көшкен.

 Ең алдымен Қазақстанда «Қазақ ұлтшылдары» бар ма өзі? Сол «ұлтшылдар» қандай қоғамдық ұйымға бірігіпті? 

Басылым бұндай сұрақтарға басын қатырмайды.  Келсін, келмесін, тисін, тимесін, өздері қиялдарында жасап алған «Қазақ ұлтшылдарымен» күндіз де, түнде де шайқасып жатыр. Бұл «шалақазақтардың» басында белгілі орыс тілді ақын Олжекең тұр дейді.

Бұлардың басты арманы - қазақтың көсегесін көгертпеу, қазақ тілін босағадан аттатпау, керек десеңіз, Қазақ Елінің тәуелсіздігін тәрік етуге дейін бару...

 Жер қайысқан «Шалақазақтар» армиясының бұндай қадамға баруының артында – қалай да орыс тілінің үстемдігін сақтап қалу, Қазақстан тәуелсіздігін есепке алмау, қазақ деген ұлтты адам қатарына қоспау тұр. Олжастың және ана «өмір бойы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа адал қызмет етем» деп ант беріп(сотталған адам, қалай өмір бойы адал қызмет етек?), сотталса да, қамаудан аман қалған Бигелдінің артында бүкіл әлем саясатын уысында ұстап тұрған «ақ дегені - алғыс, қара дегені – қарғыс» саналатын құдіреті күшті алпауыттар тұр дейді, жақсы білетіндер...

 Жұмаш Көкбөрі

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар