Салмағы 6,7 келі алып бала дүниге келді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709225446297_small.jpg

Қытайда Канг Канг есімді сәби 6,7 келі салмақпен дүниеге келді. Бұл 35 жастағы анасының жүктілік кезінде диабетпен ауырғанымен байланысты деп хабарлайды Quibbll.com.

Канг Канг есімді бала 6 наурызда Қытайдың Шэньси аймағында дүниеге келген. Дәрігерлер бала ірі болады деп күткен. Алайда осыншалықты үлкен болады деп ойламады.

 

Ұзындығы 53 см., салмағы 6 келі 700 гр. Бұл қалыпты баланың салмағынан екі есе көп. Десек те, баланың дені сау, өзін жақсы сезінеді.Алайда, ата-анасы баланың тамақтану тәртібін жіті бақылау керек. Бұл Канг Кангтың қанында холестериннің көбейіп, қан қысымы көтерілмеуі үшін қажет.

Оның әкесі ірі баланың дүниге келгеніне қуанып есімін Канг Канг деп қойған. Қытай тілінен аударғанда ол «дені сау» деген мағынан білдіреді. Xinhua News Agency-ге берген сұхбатында сәбидің әкесі туысқандары «ірі баласына» қызғанышпен қарайтынын айтқан. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар