ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ЕКІНШІ РЕСМИ САПАРЫН ҚАЗАҚСТАНҒА ЖАСАЙДЫ

/uploads/thumbnail/20170709225355656_small.jpg

Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтің қазасынан кейін көңіл айта барған Қазақстан президенті Назарбаев пен сол кездегі уақытша президент Мирзиёев. 13 қыркүйек 2016 жыл.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға 22-23 наурызда келеді. Бұл туралы Мәжілісте үкімет сағатында сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz. Оның сөзінше, Мирзияевтің сапарынан соң Астанаға Орталық Азия елдерінің "бірнеше басшылары" сапарлап келеді.

Өткен жылдың желтоқсанында сайланған Өзбекстанның екінші президенті Мирзиёевтің алғашқы сапары Ресейге жасалатыны туралы көп айтылған. Кейін бірқатар БАҚ Мирзияев мемлекет басшысы ретіндегі шетелге алғашқы сапарын жылдың бірінші жартысында Астанадан бастайды деп хабарлаған. Бірақ Мирзияев 6-7 наурызда Түркіменстанға барған. Сапар қорытындысында Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірлескен мәлімдеме қабылданған.

Үкімет сағатында сөйлеген Абдрахманов Өзбекстан басшысының сапары аймақ елдерінің "трансұлттық сипаттағы мәселелер алдында" бірлігі жақсы екенін кезекті рет айғақтайтынын айтты.

Айта кететін болсақ, Өзбекстанға Мирзиёев президент болып келгеннен кейін Өзбек елі көршілермен ашық қатынас ұстана бастады. Тіпті ол Президент болып сайланғанға дейін-ақ, уақытша президент кезінде Қырғызстанмен арада шекара дауының біраз бөлігін шешіп тастады. Қазақстан да өзбектің жаңа билігі мен транзиттік, шекаралық бірнеше маңызды келісімдер жасап үлгерді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар