Қазақстанның туын өшіріп, Ресейдің елтаңбасын жапсырып алған жүргізуші жайлы ақпарат ескірген болып шықты

/uploads/thumbnail/20170709230617302_small.jpg

Қазақстанның туын бояп тастаған патриот туралы ақпарат жалған болып шықты деп хабарлайды «Қамшы» порталы Baq.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Құқық қорғаушылар Қызылордада Қазақстанның туын бояп тастаған Ресей патриоты жүр деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Қызылордада Қазақстанның туын бояп тастаған Ресей патриоты жүр деген ақпарат жалған. Бұл оқиға өткен жылы, яғни 2016 жылдың 6 қаңтарында жарияланған. Сол күні, яғни 2016 жылғы 6 қаңтарында 191 DFA 05 мемлекеттік нөмірлі автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 5-бөлігіне сәйкес №0232120 санды әкімшілік хаттама толтырылып, 10 605 теңге айыппұл салынған. Бүгінгі күнге, 2017 жылғы 15 наурызда мұндай дерек тіркелмеген», деп мәлімдеме жасады Қызылорда қаласының ІІД.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін портал бетінде «Қазақстанның туын өшіріп, Ресейдің елтаңбасын жапсырып алған жүргізуші жұрттың шамына тиді» деген материал шыққан болатын.

 

 

 

 

Қатысты Мақалалар