Қазақстанға жуық арада Сібірдің суығы келеді

/uploads/thumbnail/20170709230633693_small.jpg

Алдағы үш күн ішінде, яғни 16-18 наурыз аралығында Қазақстанның ауа райына антициклон әсер етеді. Сол себепті еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмай, күн суытады әрі түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды Sputnik порталы. 
"Температураның төмендеуі Сібірден келген ауа массаларына байланысты. Сол себепті ауа температурасы көпжылдық мәннен 2-6 градусқа төмен болады. Республиканың батысында ғана ауа температурасы нормаға сәйкес келеді", — деп түсіндірді "Қазгидромет" баспасөз хатшысы Малика Бүлдекбаева.
Алдағы үш күнде ауа райы жауын-шашынсыз. Жел – 5-10 м/с. Түнде температура —14-17 °С, күндіз —5-8°С. 16 наурызда түнде және таңертең тұман. 

Қатысты Мақалалар