Австралиялық компанияның әуерейсінде жолаушы құлағындағы құлаққап жарылды. Бұл туралы «Қамшы» порталы caravan.kz-ке сілтеме жасай отыра хабарлайды. Пекиннен Мельбурнға ұшқан жолаушы қыз құлаққабы жарылып беті күйіп қалған. Ұшақ әуеге көтерілгеннен соң 2 сағаттан кейін жолаушы өлең тыңдап ұйықтап қалған. Құлағындағы құлаққап арнайы қуаттандырғыштармен жұмыс істейтін көрінеді.
Бұл оқиға 19 ақпанда орын алған. Алайда тек қазір белгілі болып отыр. Австралиялық көлік қауіпсіздігімен айналысатын ұйымдар жолаушыларға абай болуларын ескертті. Әсіресе, қуатталатын құлаққаптарды ұшақта қолдануға тыйым салынды.
Жапа шегуші қыздың айтуынша құлаққабы жарылған уақытта құлағына тарс еткен дыбыс есітіліп, беті мен мойын айналасы ашып кетен. Құлаққапты жерге лақтырғанда олардың жанып тұрғанын көрген. Әуеұшағы зардап шеккен жолаушыға алғашқы жәрдемін көрсетті.