Әдетте әлеуметтік желіде аса өткір мәселелер талқыланып жатады. Ақпарат құралдарының дереккөз ретінде әлеуметтік желідегі мәселелерді тарататыны рас. «Қамшы» порталы Қазақстан арнасының белді тілшілерінің бірі Айнұр Омар әлеуметтік желіде көтерген өткір мәселені оқырман назарына ұсынуды жөн санады.
«Журналист болғаннан кейін түрлі жерге барамыз ғой. Кейде түсірген еңбегіңе татымайтын съемкалар болады. 3-4 адам бас қосып нақты нәтижесі жоқ, дерегі аз болмашы тақырыпты сөз етеді. 30 буклет шығарып, 20 футболка таратады (логотиппен) қазақша айтқанда екі жерден май, екі жерден қант қойып, өткізілуі тиіс шарасын өткізіп шығады. Мемлекеттік тапсырыс болған соң мемлекеттік БАҚ та еріксіз барады ол жерге. Өскенде білдім ғой, мұндай шараның артында МИЛЛИОНДАРДЫҢ айналып жатқанын.
Былтыр елде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды. Енді билік елдегі азаматтық қоғамды дамыту үшін Үкіметтік емес ұйымдарды (НПО) қаржыландыруды күшейтпекші. Оны құп көреміз. Ал бөлінген қаржы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» арқылы беріледі. Орталықтың басшысы КВН-чик Нұрлан Өтешев. Былтыр осы орталық 200 млн теңге таратса, биыл Үкіметтік емес ұйымдарға 600 млн теңге үлестірді. 600 МИЛЛИОН!!!!
Біздің кәсіби журналистер бірлестігі де осы орталық ұйымдастырған конкурсқа құжат тапсырған. «Азаматтық сектор қызметін жариялауда бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуетін арттыру». Тап біздің лот бойынша конкурс өтпей қалды. Себебі түсініксіз. Өтешевтің орталығына хабарлассаң ешкім дұрыс жауап бермейді. Барсаң , кіру мүмкін емес. Шұбардағы жеке меншік үй сияқты бір кеңесде отырады. Темір қақпасы бар. Үнемі жабық тұрады. Есікті қағасың, күтесің, айқайлайсың. Итшілеп әрең кіргенде іштегі қызметкерлері сені қайыр сұрап барғандай қарсы алды.
Мемлекеттің ақшасын, қазынадан бөлінген қаражатты, Сіз бен біздің салықтан жинаған ақшаны өз қалталарынан үлестіріп отырғандай. Идеологиямен айналыспайды деп мемлекетті айыптағың келмейді, экономикалық жағдайымыз тұралап жатса да, «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына ақшасын бөліп жатыр. «Алаш» ұлттық қозғалысының құрылу сәтінен бастап, 100 жыл толу құрметіне, сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған ақпараттық, білім беру қызметін ұйымдастыру" конкурсын «Согласие народов» қоғамдық бірлестігі" ұтып алыпты. 5 миллион теңге.
Ал «Балалар мен жастарға патриоттық тәрбие беру және мәдениетін қалыпстастыру деген бағыт бойынша «Қазақстанның скауттық қозғалысы» ұтып алған. 10 миллион теңге!!! Қазақстандық патриотизм және скауттар. Осы екі ұйым бойынша біраз ақпарат іздедім. Мардымды ештеңе таппадым. Мүмкін Сіздер білесіздер? Мүмкін олар да ақталатын шығар, басқа ұйым қатыспады, бәсеке болмады, қатысқандар талапқа сай болмады деп. Өзгелер үшін ештеңе айтпаймыз, бірақ 100 ден астам мүшесі бар, жұмыс істеймін деген нақты жоспары, концепциясы бар біздің ұйым неге шет қалды? Оның гранты кімге бұйырады? Азаматтық қоғамның алғышарты ашықтық болса керек! Дін істері агенттігінен де, Өтешевтің ұйымынан да ашықтықты талап етеміз. Конкурсқа түскен барлық ұйымдарды жарияласын, жеңгенін де жеңілгенін де. Далада жатқан 600 миллион теңге жоқ.»