Нұртас Адамбайдың әлеуметтік желі парақшасында жазылған пікірін «Қамшы» порталы қазақша нұсқада жариялаған болатын. Соңғы кездері айналасынан дау арылмай жүрген мега жұлдыздардың бірі Нұртас Адамбайға әлеуметтік желі қолданушыларының тарапынан біраз сыни пікірлер айтылып жүр. Олардың басым көпшілігі қазақ тіліне қатысты, яғни «Неге қазақша сөйлемейсің?» немесе «Неге қазақ тілінде жазбайсың?» деген сияқты сұрақтар қойылып жатыр. Аталмыш мәселеге қатысты Нұртас Адамбай өзінің әлеуметтік желі парақшасында арнайы пост жазып қалдырған болатын, алайда орыс тілінде. Өзіне қаратылып айтылып жатқан сыни пікірлерге актер жауап беремін деп, басы тағы да дауға қалғаны белгілі болды. Ендегі кезек те Нұртас Адамбай халыққа деген өз үндеуін видео арқылы жолдап отыр.
«Құрметті достар, бәріңе сәлем! Менің тіл туралы жазған постымды дұрыс түсінбегендерге түсіндіргім келеді. Менің ойымша әрбір азамат өзінің мемлекеттік тілін білуі қажет. Қазақстанда ол – қазақ тілі. Әрбір адам өз ана тілін білуі қажет. Бірақ қазақ тілін білмейтін адамдарды, өкінішке орай, төмендету дұрыс емес деп ойлаймын. Қазақ халқын «таза қазақ», «шала қазақ» деп бөлудің қажеті жоқ. Өйткені ол біздің мемлекетімізге үлкен зиянын тигізуі мүмкін. Қазақ халқы әрқашан бірлікте болу керек. Мен қазақ тілін жетік меңгермесем де, қазігі таңда барынша жетік меңгеруге тырысып жатырмын және басқаларды да қазақ тілін жақсы меңгеруге шақырамын. Әрине, өз еркілерімен», - дейді елімізге белгілі актер, режиссер Нұртас Адамбай.