Димаш Құдайберген I am a singer байқауының оныншы кезеңінде О.Байсеңгірдің сөзіне жазылған «Ұмытылмас күн» әнін орындап, үшінші орын алды. Осылайша финалға өткен, деп хабарлайды qamshy.kz.
Димашпен бірге қытайлық әнші Лин Илиан және қытайлық «Арыстан» тобы ақтық кезеңге өтті.
Отандасымыз байқаудың әр кезеңінен алдыңғы қатарларда көрініп, қазақтың рухын асқақатата түсті. Еске сала кетейік, тоғызыншы кезеңде ол «All by Myself» әнін шырқап, екінші орыннан көрінген.
Димаш өнер көрсетіп жатқан доданың 9-кезеңі ертең, яғни 18 наурызда Қытай телеарнасынан көрсетіледі. Қазақстандықтар ғаламтордан тамашалай алады. Ал 10-кезеңді 25 наурызда көретін боламыз.
Отандасымызға тек сәттілік тілейміз!