Күн сайын әлеуметтік желіде миилиардтаған фото жарияланады. Кейде тіпті сәтті кадр үшін өз өмірі мен денсаулығын қатерге тігуге дайындары да бар. Сэлфи жасаймыз деп көз жұмғандары да жетерлік.
26 жастағы Колетт Морено үшін құрбысымен түскен мына көңілді фотосы өміріндегі ең соңғы сурет болды. Камераға қараймын деп, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен қыздар жүк көлігімен соқтығысады. Колеттің жақында тойы өтуі керек еді. Колетт той алдындағы қыздармен кездесуге бара жатқан.
Фотодағы мына құздан ерлі-зайыптылар суретке түсеміз деп тепе-теңдігін ұстай алмай құлап кеткен. Олардың кішкентай балаларына психологиялық көмек көрсетілді. Себебі оларлың ата-анасы балалардың көзінше көз жұмған.
Анна Урса есімді румындық қыз поездтың үстінде сэлфи жасамақ болған. Фото ерекше шығу үшін 18 жастағы қыз аяғын көтергенде сымға аяғы тиіп кетіп, 27 000 ватт тоқ Аннаның денесін пісіріп жіберген.
Мексикандық Оскар Огилар Отеро қымбат көліктермен, әдемі әйелдермен фотоға түскенді ұнататын. Осы жолы ол фото альбомына тапаншамен түскен фотосын қосуды ойлайды. Оскар байқамай тапаншамен өзіне атып жіберген.
Ксения Игнатовнаның мұрағатында өмірін қатерге тіккен фотолар көп. Көпірдегі кезекті фотосы оның суреттер жинағын тағы бір экстрималды фотосымен толықтыруы керек еді. Алайда оған шығып бара жатып, қыздың аяғы тайып кетеді. Ол қолына түскен ең бірінші затты ұстап қалады. Ол тоқтың сымы еді. Ксенияны тоқ соғып сол жерде тіл тартпастан көз жұмды.
Филиппинге достарымен демалуға барған 18 жастағы қыз онда өлім құшатынын мүлде ойламады. Құрылыс факултетінің студенті фотодағы жерде суретке түспек болғанда судың қатты ағысы оның аяғынан шалып судың терең жеріне алып кетеді. Студент қызды достары құтқара алмады. Осылайша қыз көз жұмды.
Пікір қалдыру