Жануарлардың құқығын қорғайтын ұйымдардың түрлі акцияларына қарамастан зообақ пен цирктердің дәурені жүріп тұр. Кейбір цирктер жануарлармен өнер көрсетуден бас тартып тек адамдардың бойындағы таланттары мен ерекше қасиеттерін паш етумен ғана айналысып жүргені қуантады. Бірақ өкінішке орай, ақша табуды көздегендер жануарларды қинауын тоқтатпай отыр. Циркте өнер көрсетіп жүрген жануарларды сұмдық жағдайда ұстайды. Оған мына фотолар дәлел.
Басқа қалаға жол жүргенде аюларды осындай торда ұстайды.

20 жыл бойы мынау пілді азаптап келді. Піл қашып кетіп, адамдарды таптай бастаған. Полицейлер оны өлтіру үшін 86 оқ атқан.

Үлкен шоуда өнер көрсету үшін оларды байлап ұстайды.

Циркте өмір сүрудің не екенін жануарлар ерте жастан сезінеді.

Адамға бағынбаған жағдайда осылай жазалайды!


Кейбір жануарларды кезекті қалаға келген цирктің жарнамасы ретінде пайдаланады.

Маймылдарды осылай үйретеді.

Жануарлардың кішкентай кезінен кімге бағыну керектігін үйретеді.

Циркте өнер көрсететін жануарлар өмір бойы торда отырады.
