12 сәуірде жарияланған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан кейін күнтәртібіне латынға көшу мәселесі шықты. Бұған қоғамда түрлі көзқарастар туындап, әрқилы пікірлер айытылып жатыр. Қолдап жатқан ағайын латын графикасына жеделдетіп көшуді қуаттайды. Ал, қарсы болғандардың уәжіне құлақ түрсек, олар негізінен қазақтың бұған дейін крилл әліпбиінде басылған әдеби, мәдени, құжаттық мұраларын латыншаға көшіруде шикілік туындап, біраз дүниемізді жоғалтып аламыз деп уайымдайды екен.
Шын мәнінде Қазақстанның латын графикасына көшуі бүгін ғана айтылып отырған мәселе емес. Елбасы бұған дейін де бірнеше рет бастама көтеріп, халықты рухани жақтан дайындаған болатын. Сол кездерде тіл мамандары, тарихшылар, тіпті програмистер латынға ауысудың тиімділігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген.
Осы орайда Қамшы ақпараттық агенттігі қазіргі уақытта агенттіктің техникалық директоры қызметін атқарып жүрген Тәліп Нүсіпұлы мен ҚХР ШҰАР Қоғамдық ғылымдар академиясы Тарих институтының аға ғылыми қызметкері Шадыман Ахметұлының осыдан 10 жылдай уақыт бұрын латынға көшудің ақпараттық технологиядағы тиімділігін дәлелдеп жазған хатын, әрі, оған берілген жауапты оқырман назарына ұсынады.
***
Қазақстан Республикасының президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВҚА
Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы:
Біз, Қытай Халық Республикасының азаматтары Шадыман АХМЕТҰЛЫ мен Тәліп НҮСІПҰЛЫ, Сіздің былтыр Қазақстан халықтары ассамблеясының ХІІ сессиясында ҚР-ның латынға көшуі жөнінде айтқан: “Мамандар жарты жыл ішінде мәселені зерделеп, нақты ұсыныстармен шығулары тиіс” деген нұсқауыңыз бойынша, латиницаға арналған KLK жобасын ұсынып отырмыз.
Латиницаға қайту - тек қана компьютер экранынан қазақ жазуын қалыпты көруді мақсат етпейді, қайта компьютерде және дүниежүзінің кез келген жерінде, IT саласында қазақ тілінің мүлтіксіз жұмыс жасауына кепілдік етуді мақсат етеді. Мұның алғы шарты - тіліміздегі фонемаларды қазақ тілінің емлелік ережелерінің көмегімен пернетақтадағы 26 түймеше арқылы бейнелейтін жобаны жасау. Мұндағы басты-басты себептерден мыналарды атауға болады: бірінші, кез келген компьютерден қазақ жазуын қалыпты жаза да, оқи да алуға; екінші, бағдаржол тілінде қазақшаға арналған бағдарламалық бөлшектерді және түсініктемелерді анық, қалыпты көруге; үшінші, дүниежүзінің кез келген жерінде өндірілген ғылым-техникалық жабдықтарды қазақ тілі үшін жасалған бағдарламаларсыз пайдалануға; төртінші, shareable resource code, short cut секілді интернет пен компьютер жүйесінде ұдайы кезігетін дайын бағдарламалар мен тездік тәсілдерді еш өзгеріссіз, еш кедергісіз қабылдауға тиімді. Латиницаға көшкеннен кейін де қазіргі қолданыстағы кириллицамен, төте жазумен терілген жадығаттар, тіпті түрік руна жазуымен терілген құнды жазба деректер код ауыстырғыш бағдарламалармен ауыстырылады.
Қазіргі қолданыстағы кириллица 04-тік, араб жазулары 06-лық аймаққа орналасқандығы себепті ақпараттық кеңістіктегі өміршеңдігі төмен. Ал біздің жобамыздағы әріптер ASCII стандартық кестесіндегі таза латын әріптерінен құралғандықтан, ақпараттық кеңістіктегі өміршеңдігі аса жоғары. Жоба жөніндегі түсініктемелерге төменгі мақалада арнайы тоқталдық.
Жобамыз Қазақ елінің игілігіне жараса, бізге одан зор қуаныш болмақ емес.
Құрметпен:
Шадыман АХМЕТҰЛЫ
ҚХР ШҰАР Қоғамдық ғылымдар академиясы Тарих институтының аға ғылыми қызметкері, тарихшы-түрколог, «Ежелгі үйсін елі», «Ұлы түрік қағанаты», т.б. еңбектердің авторы.
Тәліп НҮСІПҰЛЫ
ҚХР ШҰАР Шыңхуа IT серіктестігінің программисі, қазақша программалық бөлшектерді зерттеу тобының директоры, http://www.kazakhsoft.com сайтының жетекшісі, Төте жазуды қазақ кириллицасына ауыстыру бағдарламасы және төте жазуды Unicode бойынша жүйелеу бағдарламаларын жасаған.
ҚХР ШҰАР Үрімжі қаласы 2008-03-12

ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ЛАТИНИЦА ЖОБАСЫ KLK
Қазіргі қолданыстағы кириллица мен төте жазу ақпараттық технологияның (IT) даму беталысына лайықсыздығымен замана ауқымына ілесе алмай отырғандығы баршаға мәлім. Сондықтан қазақ тілі де латиницаға қайтуға [[1]] мүдделі.

Біздіңше, кемелді жоба ешқандай диакритикалық белгілерсіз [[2]], қазақ тілінің үндесім заңына бойсұндыра жасалған емле ережелерінің көмегімен ықшам әрі қолайлы түзілуге, компьютердің пернетақтасындағы 26 латын әрпімен тіліміздегі барша фонемаларды бейнелеуге тиіс. Сонда ғана қазақ латиницасы 20-ғасырдағы ең келелі ғылым-техника жаңалығы саналған компьютердің жұмыс қағидасына үйлеседі. Пернетақтадағы араб цифрлары мен 26 әріптен тұратын түймешелер, тыныс белгілері мен ерекше таңбалардың әрбірінде компьютердің бағдарламалық тілі аясында атқаратын өзді-өзінің айрықша міндеттері болады. Егерде қазақ әріптері айырық (quateright) белгісімен (’) жасалса, бағдарламалық тілдің жұмыс өнімін айтарлықтай төмендетеді. Айырық белгісімен жасалған әріптерді (мысалы, a’) бағдаржол тілінде a\’ деп жазуға міндетті боламыз. Ал керісінше, дағдыша емле жүйесіндегі (мысалы, ағылшынша) тілдердегідей бір әріпке бірнеше фонеманы жазу міндетін жүктеу дыбысша емлеге (мысалы, немісше, итальянша, Эсперантоша) бойсұнатын қазақ тілінің табиғатына үйлеспейді. Бұлар емлелік ережелермен тиянақтандырылған күнде де, бірсыпыра бағдарламалық бөлшектердің көмегімен жүзеге асады. Мұндай қолдан жасалып телінетін дағдылар бағдаржолдың жылдамдығына тұсау болары хақ. Бағдарлама - компьютердің жаны, бағдаржол (algorithm) - бағдарламаның табан тірер тиянағы. Бағдарлама - есептеу қарқыны, есептеу амалы, ықшамдылығы және жұмыс өнімділігімен жеңімпаз. Есептеу қарқынын 0,0001 секунт жеделдетудің шарасын тапқырлаған адам миллион долларды еншілейді. Бұдан ғаламдану үрдісіндегі компьютерді өзек еткен IT-дың қарыштай дамып отырғандығын байқау қиын емес.
Латиницаға қайту - тек қана компьютер экранынан қазақ жазуын қалыпты көруді мақсат етпейді, қайта компьютерде және дүниежүзінің кез келген жерінде, IT саласында қазақ тілінің мүлтіксіз жұмыс жасауына кепілдік ету. Мұның алғы шарты - тіліміздегі фонемаларды қазақ тілінің емлелік ережелерінің көмегімен пернетақтадағы 26 түймеше арқылы бейнелейтін жобаны жасау. Мұндағы басты-басты себептерден мыналарды атауға болады: бірінші, кез келген компьютерден қазақ жазуын қалыпты жаза да, оқи да алуға; екінші, бағдаржол тілінде қазақшаға арналған бағдарламалық бөлшектерді және түсініктемелерді анық, қалыпты көруге; үшінші, дүниежүзінің кез келген жерінде өндірілген ғылым-техникалық жабдықтарды қазақ тілі үшін жасалған бағдарламаларсыз пайдалануға; төртінші, shareable resource code, short cut секілді интернет пен компьютер жүйесінде ұдайы кезігетін дайын бағдарламалар мен тездік тәсілдерді еш өзгеріссіз, еш кедергісіз қабылдауға тиімді.
Латиницаға көшкеннен кейін де қазіргі қолданыстағы кириллицамен, төте жазумен терілген жадығаттар, тіпті түрік руна жазуымен терілген құнды жазба деректер код ауыстырғыш бағдарламалармен ауыстырылады. Бұған қытайдың майда және күрделі иероглифтерін бір бұйрықпен ауыстыра алатын бағдарламалық бөлшектің Microsoft Word жүйесінде қолданылғандығын атауға болады.
Қазір ақпараттық жүйелерде мәтінді кодтаудың екі түрі қолданылады. Жаңасы - 16 байттық ISO-10646 (Unicode) стандартты кодтауы. 16 байттық кодтау кестесіне 216=65536 таңба сияды. Мәтінді жазып өңдеу үшін өте жиі қолданатын Microsoft Word бағдарламасы осы кодтау тәсілін қолданады.
Екіншісі - 8 байттық кодтау. 8 биттік кодтау кестесіне небары 28=256 таңба сиятындықтан, қолданыстағы кестелері көп - әрбір әліппеге арнап бір, тіпті бірнеше кестелер стандартталған. Маңызы төмендеп бара жатқан тәсіл болса да, 8 байттық кодтамалардың қолданылуы әлі кең. Ақпараттық технология саласындағы әдет бойынша 8 байттық барлық кодтау кестелерінің бірінші жартысы (яғни 0-127 деген кодтары) таза латын (яғни A-Z және a-z әріптері) әліппесіне берілген. Бұл ASCII стандарты деп аталады. 8 байттық кестелердің екінші жартысында (яғни 128-255 деген кодтарында) жергілікті әліппелер орналасады.
ASCII + ISO-8859-1 (Latin 1) кестесіндегі таңбалардың шеңберінен шықпаған тіл латын әліппесінің ыңғайын толық көреді, яғни shareable resource code, short cut секілділерден еркін игіліктенуге жағдай жасалады. Басқа бір қатар ISO-8859 стандарттар, өзге латын әліппесін қолданатын тілдерге арналған: ISO-8859-2 (Latin 2) - шығыс еуропалық, ISO-8859-3 (Latin 3) - оңтүстік еуропалық, ISO-8859- 4 (Latin 4) - солтүстік еуропалық тілдерге арналған. Әрбір осы кесте аталған тілдердің диакритикалық белгілермен түрлендірілген әріптердің жиынтығын қамтамасыз етеді, бірақ ақпараттық жүйелерде ISO-8859-1 (Latin 1) стандартынан сирегірек кездеседі. Түрік тілінде, өзге тілдерде мүлдем кездеспейтін «ı» (нүктесіз і) әріпі бар болғандықтан, түріктер бір дербес, арнайы стандартқа ие - ISO-8859-9 (Latin 5). Әзербайжан тілінде латын әліппелерінде өте сирек қолданылатын «ә» әріпі бар. Олар осы әріпке бола, жаңа ISO-8859-9e деп аталған стандартты қабылдауға мәжбүр болған. Бұл стандарт тек түрік және әзери-түрік тілдерін қамтамасыз ететін болғандықтан, тек осы елдерге арналған ақпараттық жүйелерде іске асырылады. Сонда әзербайжан тілі бір сирек қолданылатын жүйеден (кириллицадан) басқа сирек қолданылатын жүйеге көшкен [[3]].
Осыған орай, біз қазақ латиницасының KLK жобасын ұсынып отырмыз (1-кестеге қараңыз).
Қазіргі қолданыстағы кириллица 04-тік, араб жазулары 06-лық аймақта. Сондықтан біздің жобамыздың ақпараттық кеңістіктегі өміршеңдігі бұлардан жоғары.
Қазақ тілі түрік тілдерінің қыпшақ тобына жатады, соның ішіндегі қарақалпақ, ноғай, қарағаш тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай топшасын құрайды, татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарайым, қырымлы тілдеріне жақын. Ескі қыпшақ тілінде 28 фонема болған. Қазіргі қыпшақ тілдеріндегі фонемалардың саны да осыған қарайлас. Әліпби ықшамдылығымен жеңімпаз. Байырғы қыпшақ тілінің араб графикасы негізіндегі әліпбиінде 28 фонема үшін 21 графикалық таңбаның болғандығын, ал қазіргі қолданыстағы Қытай қазақтарының Ахмет Байтұрсынұлының әліпбиі негізінде өңделіп, толықтанған төте жазуда 33 фонеманың 30 таңбамен шешім тапқанын [[4]] атап өткен жөн. Фонемалардың тіліміздегі жиілігін есептеу келешек жаңа әліпбидің құрамындағы кірме фонемаларды ығыстырудың таптырмас жолы. Сондықтан қазіргі қолданыстағы кириллица мен төте жазуға салыстырмалы тексеру жасадық (2-кестеге қараңыз) [[5]].
Демек, Қазақ тіліндегі қазіргі қолданыстағы кириллицаның құрамындағы саяси науқаншылықтардан енген в, ё, и, ц, ч, щ, ъ, ь, э, ю, я тәрізді 11 әріп тек орыс тілі үшін, ал һ тек күншығыс халықтарының тілінен ауысқан жекелеген сөздерді мүмкіндігінше дұрыс жазу үшін ғана қызмет өтейді. Ф, х фонемалары орыс сөздерімен (фабрика, фаза, фермер, филиал, филолог, флот, фут; химия, хлор, археология, бухгалтер, цех, хирург, зоотехник) қатар араб-парсы тілдерінен енген кейбір жалқы есімдер мен бірен-саран жалпы есімдерде де жазылады (Фазыл, Фарида, Фатима, Марфуға; саф; фәни, Хамит, Ахмет, Халел; хал, хат, халық, тарих, кітапхана, асхана) [[6]]. Бұлар біздің төл сөздерімізде мүлде кезікпейді әрі халықтың ауызекі тілінде дәл жазылуындай оқылмай, қазақтың п, қ фонемаларына жуық оқылады. Мысалы, фамилия - памилия, фасон - пасон, фарфор - парпор, фанера - панера, хат - қат, халық - қалық, колхоз - көлқоз, совхоз - сапқоз, цех - сеқ, Ахмет - Ақымет, Хайролла - Қайыролла, мәслихат - мәсілиқат [[7]], саф - сап (сап алтын), фәни - пәни, хауіп - қауіп, халі - қалі. Ескі шағатай жазуымен жазылған мұрағаттарда кезігетін бірқыдыру араб-парсылық кірме сөздер қазіргі қазақ тілінде қатер (хәтәр), қараж (хәраж), қорлық (хорлуқ), құп (хуп), құдай (худай), қате (хәта), қожа (хожә), қызмет (хізмәт), қиял (хійал), пайда (фәйда), перзент (фәрзәнд), пақыр (фәқір), пұрсат (фүрсәт), пәлен (фәлан), парасат (фәрасәт), пікір (фікр) [[8]] болып орныққандығы айқын. Сондықтан да 1928-жылғы латиница жобасында ф, х, в әріптері болмаған, феодал, реформа, халық, хан тәрізді бірқатар сөздер пеодал (peodal), репорма (reporma), қалық (qalьq), қан (qan) болып [[9]] жазылған. Қазір ф мен х-дан басталатын ішінара сөздер БАҚ-та п, қ әріптеріне ауыстырылып та қолданылып жүр. Мысалы, философия - пәлсапа, харіп - қаріп, Бұл фонемаларға қазақ тілінің зәрулігі шамалы. Егер латиницаға көшу арқылы аталған 14 әріптен құтылар болсақ, тіліміздің төл фонемалары үшін 28 әріп қалар еді.

Алайда х, ч, ф, в фонемаларының қатысуымен жазылатын өзге тілдерден, өте-мөте еуропа тілдерінен енген жекелеген пәнесімдер, тауар маркалары (мысалы, Майкрасофт - Microsoft, Флаш - Flash), өзге тілдердегі тұлғасын сақтап жазылатын қысқарған сөздер [[10]], т.с.с. мемлекеттік тіл мәртебесіндегі қазақ тілінің сөздік қорын байыту үшін аса қажетті әрі бұлардың өз әліпбиімізде болуы жас ұрпақтардың өзге тілдерді меңгеруіне тиімді. Бұдан тыс, бұл фонемалардың болуы ағылшын, Эсперанто тілдеріндегі “жер-су аттары мен кісі есімдері әр ұлттың өз тіліндегі латынша транскрипциялаумен қалыптасқан норма бойынша жазылады” деген ережені қабылдауға жол ашады. Осылайша ағылшын, қытай, жапон, орыс тілдеріндегі жер-су аттары мен кісі есімдерін аталған тілдердің фонетикалық жобаларымен жазамыз [[11]].
Латиницаға көшу - тілімізге саяси науқаншылықтар арқылы енген керексіз таңбаларға қош айтуға негіз қалайды.
Кириллицадағы я, ю, ё секілді қосар әріптер мен ц секілді африкат фонемалардың қызметін йа (яғни - yaxny - йағни), йу (баю - bayw - байу), йо (ёлка - yolka - йолка), тс (социализм - sotsyalyzm - сотсиализм, концерт - konsert - консерт) таңбаларымен де еркін бейнелеуге [[12]] болады әрі мұндай сөздерге зәрулік тек орыс тілі арқылы енген сөздер үшін ғана керек болғанымен, қазақтың төл сөздерінде мүлдем кездеспейді әрі орыс тіліндегідей грамматикалық міндет өтемейді. Щ фонемасымен жазылатын кеще, ащы, тұщы сөздерін кешше, ашшы, тұшшы деп те жазуға болады. Бұл әріппен жазылатын орыс сөздерін қазақша төте жазудың емлесімен ш деп жазсақ та ұлығаусар жаңсақтық болмайды, өзге тілдердің транскрипциялау тәсілдері де осылай.
Тілімізде сөздер бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке дауыстылар арқылы жасалатындығы себепті, орысшадағы жуандық белгі ъ мен жіңішкелік белгі ь қазақ тілі үшін қажетсіз.
Тілімізде тек одағайлар есебінде ғана айтылатын аһ, ұһ, үһ, оһо, еһе, аһылау, үһілеу, уһ деген ішінара сөздер мен араб-парсы тілдерінен еніп орныққан жаһан, жауһар, гауһар, қаһар, қаһарман, шаһар, шаһбаз секілді ондаған сөздер үшін арнайы таңбаның қажеті шамалы. Қазіргі БАҚ тәжірибесінде мұндай жекелеген сөздер гаухар, жахан, шахар деп те жазылып, халық жадына орныққан. Бұлар көбінесе кісі есімдерінде Гауқар, Жақан, Шақар болып та айтыла береді. Мұндай сөздердің біршоғыры тілімізге қ фонемасы арқылы айтылатын және жазылатын болып та сіңген. Мысалы, есеп-қисап. Сондықтан мұндай жекелеген сөздерді қ әрпімен де таңбалауға болатындығын лингвистер тілге тиек етуде [[13]]. Егер ішінара кісі есімдері мен жер-су аттарында, исламдық пәнесімдерде кезігетін һ әрпін жазуға мұқтаж болғанда, оны xh қосарлы таңбасымен (Гауһар - Gawxhar, Шаһимардан - Shaxhymardan, Қаһарман - Qaxharman, аһ - axh, ұһ - uxh, үһ - uhxh, оһо - oxho, еһе - exhe, аһылау - axhjlaw, үһілеу - uxhilew, уһ - wxh, Аллаһ - Allaxh, оллаһи - ollaxhy) жазуға да ерік беріледі.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы әліпбиінің дүниежүзіндегі ең озық әліпбилер қатарынан орын алудағы ең басты ерекшелігі - онда дәйекші арқылы ықшамдап жазудың толық жүзеге асырылуында. Осылайша Ахаңның әліпбиінде а - ә, о - ө, ұ - ү, ы - і сынды жуанды-жіңішкелі жұптар үшін 5 таңба алынған. Бұлардың қазақ кириллицасындағы жиілігі жеке-жеке 13 - 0,8, 2,46 - 0,91, 1,34 - 1,09, 8,09 - 5,36 пайызды құрайды.
Қазақ тілінде ы, і әріптері а, е әріптері секілді сөздің барлық буындарында жазылатындығын және сөздің жуан-жіңішкелігін белгілеуде айрықша маңыз алатындығын ескере отырып, біз ы мен і-лерді айырым-айырым таңбаладық. Бұлар Ахмет Байтұрсынұлы емлесінде дәйекші арқылы айырмаланатын бір ғана таңбамен алынады. Мұнда тарихи сабақтастықтар [[14]] мен пернетақтадағы қолайлылықтар ескеріле отырып [[15]] ы - j, і - i бойынша таңбаланды.
Біз пернетақтаның ортасындағы h түймешесін бірнеше қосар әріптерді жасаудағы сүйеуіш ретінде қабылдадық. Оның қатысуымен қолданыс жиілігі едәуір төмен ah (ә), oh (ө), uh (ү) тәрізді дауысты дыбыстар мен қолданыс жиілігі төмендеу nh (ң), sh (ш), kh (х), ch (ч) тәрізді дауыссыз дыбыстар жасалды.
А - ә, о - ө, ұ - ү сынды жұптар үшін a - ah, o - oh, u - uh деп жазу керектігін [[16]] ұсынудағы себеп: буындардың бірыңғай жуан я жіңішке құрылу заңдылығына сай, құрамында к, г, е, і әріптерінің біреуі келген сөздерде буын бірыңғай жіңішке дауыстыларға құрылатын болғандығы үшін, ә, ө, ү әріптері ah, oh, uh болып жазылмастан, қайта a, o, u түрінде (әке - аке - ake, әлем - алем - alem, әлгі - алгі - algi, өрік - орік - orik, өлең - олең - olenh, үлкен - ұлкен - ulken) сүйеуішсіз ықшамдалып жазыла береді. Құрамында қ, ғ, ы әріптерінің біреуі келген сөздерде буын бірыңғай жуан дауыстыларға құрылатындығы себепті, мұндай сөздердің құрамында ә, ө, ү әріптері табиғи түрде келмейді, сондықтан аталған әріптер сүйеуішсіз жазылған күнде де танып оқуға қиындық әкелмейді. Сөйтіп аталған үш дауысты дыбыстың қос таңбамен жазылуы тек қана бір буынды сөздердің аясымен ғана шектеледі. Мысалы, әл (ahl), әр (ahr), әй (ahy), сәт (saht), сән (sahn), дәл (dahl), өл (ohl), сөл (sohl), мөр (mohr). Бұл дара буынды сөздер жұрнақ-жалғаулармен түрленгенде h сүйеуіші түсіріліп жазылады. Мысалы, әлді (aldi), әрлі (arli), әйгі (aygi), сәтті (satti), сәнді (sandi), дәлдік (daldik), өлі (oli), сөлі (soli), мөрлі (morli).
Алайда өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін өз бетімен үйренуіне жағдай жасау тұрғысынан және тек қана жазудағы әурешілікті маңдай алдыға қоймай, қағаз бетіне түскен қараны еркін тануға жағдай жасау үшін, келешек компьютер бағдарламаларында жүзеге асатын дыбыстық терімге сәйкесу тұрғысынан әріптердің сүйеуішінің түсірілмей жазылуын орынды санар едік. Түсіріп жазу төте жазудан хабарлылар үшін оңай болғанымен, кириллицаның тікелей жазу дағдысына қаныққандар үшін қиын саналары мәлім [[17]].
Өйткені қазақ тілінде ә, ө, ү-лер жалаң сөздердің бірінші буынында [[18]], біріккен сөздер мен қос сөздердің екінші сыңарының басқы буындарында [[19]] ғана жазылады, тек сірә, кінә, күнә, куә, іңкәр, күмән, шүбә, зәмзәм, мүсәпір, дүдәмал, Күләш, Күләнда, Мүтән, Күләй; мәжбүр, әңгүдік деген сөздерде екінші буында келеді [[20]]. Сондықтан қосар таңбамен жазылған күнде де ауыртпалық келмейді.
Орта ғасырлық еңбектерде түрікше ң фонемасы ғн, нк, н, нн, нғ, ғ, к, нг түрінде де таңбаланған [[21]]. Ағылшындар, қытайлар оны қосар таңба ng-мен белгілейді. Қазақ тілінің тұрғысынан бұл тиімсіз, мысалы, tangir (тәңір - тәнгір), tangerteng (таңертең - тангертең). Қазақ тілінде нг тіркесінің де кезігіп отыратыны (0,09%) себепті, ң фонемасын nh түрінде қосақтап жазу біршама ұтымды деп таныдық.
Ш, х, ч-ларды өзге тілдерде қалыптасқан үрдіске [[22]] сай sh (ш), kh (х), ch (ч) түрінде таңбаладық.
Өзге тілдерде және қазақ тілінің бірқыдыру латиница жобаларында ғ-ны gh-мен таңбалау біршама жалпыласқан. Қазақ тілінде ғ әрпінің қолданыс жиілігі едәуір жоғары (2,17%), егер ол қос таңбамен жазылса, бұл жиілік 4,34%-ға көтеріледі де, харіп терімін қиындатары хақ. Сондықтан біз кириллицадағы және түрік тілдерінің халықаралық транскрипциясындағы х фонемасының таңбасы болуын ескермей-ақ, x таңбасымен ғ-ны таңбалауды ұсындық.
Ж фонемасы Түркия түрікшесінде c таңбасымен алынған. Мұндай жағдайлар өзге тілдердегі оқылуда да кездеседі. Мысалы, қытай тілінің Пекин диалектісі негізіндегі жалпықытайлық ортақ тілде халықаралық бірқатар терминдер мен жер-су аттарында ағылшын тілінің дағдысы бойынша орныққан Canada (Канада), Canon (Канон) секілді сөздер Жянада, Жяның болып айтылады.
Қазақтың байырғы сөздерінде кірме сөздердегідей жіңішке айтылатын и мен у дыбыстары жоқ. Бұлар төте жазуда және бұрынғы латиница жобаларында ый, ій немесе ұу, үу дыбыстарымен айтылған. Мысалы, Иванов (Ijвanoв, Iyvanov), Украйна (Uvkrajna, Uwkrayna). Қазақ кириллицасына 1957-жылы енгізілген өзгеріс негізінде оқы, кемі, телі сияқты етістіктерге у қосымшасы жалғанғанда оқұу, кемүу, телүу болып жазылмастан оқу, кему, телу болып ықшамдалып жазылатын, жый, қый, кій тәрізді сөздерде екі әріптің (ый, ій) орнына бір ғана и жазылатын болды [[23]], сондай-ақ в, ё таңбалары енді. Сөйтіп Иванов, Украйна деп жазу дағдысы орнығумен қатар, қазақтың төл сөздеріндегі ійне, ұуақ деп жазылатын сөздер де орынсыз өзгерістерге ұшырау арқылы кемелсіз емленің құрбанына шалынып, орыс сөздерінің дыбысталыну заңдылығына бағындырылды. Осылайша мый, сыйыр деген сөздер ми, сиыр деп жазылып, ұрпақ санасына сіңді. Қазақстандағы 1928-жылғы латиницада және Қытай қазақтарының 1962-жылғы Латын жазуының емлесінде бұлар Ijвanoв (Iyvanov, Иванов), Uvkrajna (Uwkrayna, Ұукрайна), mьj (mey, мый), sьjьr (seyer, сыйыр) деп дұрыс жазылатын, алайда төте жазуға қайта көшу науқаны барысында, кириллицамен орныққан дімкас емлеге орынсыз еліктеудің салдарынан дауыссыз у мен дауыссыз й дыбыстарына орысшадағы дауысты у мен дауысты и-дың міндеті қоса жүктелді. Бұл жас ұрпақтарды одан әрмен жаңылыс дыбыстауға итермеледі.
Осыған орай, кириллицадағы и мен й-ды бір ғана таңбамен шештік. Төте жазуда да бұлар бір ғана таңбамен (ي) алынады. Дегенмен мынадай ерекше ескертпе қажет деп таптық: бірінші, кириллица емлесіндегі төл сөздеріміздегі қосарлы ый, ій дыбыстарының таңбасы ретінде и әрпін жазу тіліміздің табиғатын бұзумен бірге, буынға дұрыс ажырата алмау себебінен, аталған қосарлы дыбыстарды да жіңішке естілетін кірме сөздердегі (мысалы, гитара, әдеби) и мен дыбыстаудай қателіктерге мұрындық болған. Келешек латиница емлесінде бұлар ый, ій болып таңбаланады. Сөйтіп иіс - iyis, иін - iyin, иық - jyjq, ине - iyne, имек - iymek, илеу - iylew, тиын - tjyjn, тиін - tiyin, қиын - qjyjn, киін - kiyin, сирек - siyrek, сирақ - sjyraq, тый - tjy, ти - tiy, сый - sjy, си - siy, тиімді - tiyimdi, тиіс - tiyis, жиналыс - cjynaljs, ылғи - jlxjy, кию - kiyw, би - biy, бие - biye, ие - iye (мұның көне тұлғасы іге немесе еге), сиыр - sjyjr (ескі түрікше және қыпшақша жазылуы сығыр немесе қыпшақтардың ауызекі тілінде сыр) секілді сөздер өз табиғатымен жазылды; екінші, кириллица емлесінде я, ю әріптерінің алдында ы, і әріптерінің орнына и әрпі жазылады, алайда ый немесе ій болып оқылады деп белгіленген [[24]]. Мысалы, тақия, қия, мия, қию, жию, тию. Бұл қазақ тілін жаңадан үйренушілер мен өзге тілде сауаттанғандарды буынға дұрыс ажырата алмау сынды қиыншылықтарға итерумен ғана тынбай, ый, ій дыбыстарын жіңішке и әрпімен дыбыстаудай тіліміздің табиғатын бұзатын қателіктердің қолдан жасалуына мұрындық болды. Сондықтан латынша емледе бұл сөздер taqjya, qjya, mjya, qjyw, cjyw, tiyw болып дұрыс жазылуын қуаттаймыз. Бұлардың қатарына тілімізге ертеде күншығыс тілдерінен енген жалқы есімдер мен жалпы есімдерді де қосамыз. Мысалы, Дүрия - Duriya, Әсия - Asiya, Әлия - Aliya, сия - sjya, дария - darjya. Үйренушілер ендігәрі би-е, қи-я, ки-е деп буынға ажыратпайтын болады, бұлардың дұрысы да bi-ye (бі-йе), qj-ya (қы-я), ki-ye (кі-йе) екені баршаға мәлім; үшінші, йы, йі дыбыстар тіркесі ы, і дыбыстарына бітетін етістіктерге көсемшенің -й жұрнағы жалғанғанда, соңғы йы, йі әріптерінің орнына бір ғана и әрпі жазылады [[25]] деген ережені қабылдай отырып, оны да y-мен алдық; төртінші, кірме сөздердегі и-мен қазақ сөздерінің бірінші буынынан өзге буындарда и болып жазылатын жерлер түгелдей y-мен жазылады, jy, iy деп жазу қажетсіз. Мысалы, Тек күншығыстық (иман - yman, Иса - Ysa, Сағира - Saxyra, Кәлима - Kalyma (Kahlyma), иллахи - yllakhy, илхам - ylkham, ymam, тарихи - tarykhy, тариқат - taryqat, саяси - sayasy, мәдени - madeny, мәдениет - madenyet, Әли - Ahly, Қали - Qaly), халықаралық (кино - kyno, кредит - kredyt, институт - ynstytwt, инспектор - ynspektor, гитара - gytara), яғни - yaxny, яки - yaky, т.с.с. сөздерінің шеңберімен шектеледі; бесінші, жазудың жүгін жеңілдетуге, кірме сөздердің төркінін бұзбай жазуға кепілдік ету мақсатымен, тіліміздегі екі дауысты дыбыстың қатар келмеудей дара ерекшелігін назарда ала отырып, халықаралық бірқатар сөздердің құрамындағы ия, ие, ио, ию тіркестерін жай ғана ia, ie, io, iu (энергия - energia немесе energya, иероглиф - ieroglyf немесе yeroglyf, иерархия - ierarkhia немесе yerarkhya, идиома - ydioma немесе ydyoma, ион - ion немесе yon) түрінде жазуды қуаттаймыз. Алайда мұндай сөздердің jya, iye, jyo, iyw (iyw) болып оқылатындығын орфографиялық сөздікте ескертеміз. Бұлай жазуда мынадай екі себеп бар: біріншіден, егер ия, ие, ио, ию-лар ya, ye, yo, yw болып жазылса, кірме сөздің табиғатына жат, қазақ баласы дұрыс дыбыстай алмайды; екіншіден, бұлар төте жазуда ya, ye, yo, yw болып ықшамдалып жазылуға байланысты, автоматты код ауыстырғыш жүйе арқылы дұрыс ауыспаудай кемістігімен мен мұндалайды.

Шетелдің сөздердегі у (w) фонемасы ұ (u) таңбасымен жазылса да мағыналық аусайлық тумайды, қайта сөздің еуропалық тұлғасына жақындайды. Мысалы, универсал - unyversal, футбол - futbol, формула - formula, факултет - fakultet, музыка - muzyka, журнал - curnal. Қазіргі түркия түрікшесі, міне, осы ізбен жүрген. Мұндай сөздер орыс тілінің ықпалын қабылдамаған шетелдік қазақтардың тілінде дәл осылай дыбысталады. Орыс тілінде өзге славян тілдері арқылы орныққан бірсыпыра еуропалық терминдердегі у фонемасы, көбінесе, ю болып жазылады. Мысалы, валюта - валута (болгар, хорват), valuta (чех), waluta (польяк). Бұл сөздің тегі итальяндық valuta [[26]]. Ал испан, нидерланд, швет тілдерінде де valuta, халықаралық көмекші тіл эсперантода valuto [[27]] делінеді. Сондықтан валюта дегенді valuta немесе waluta деп жазуға да болады. Бұл сөздің этимологиясын айқындауға пайдалы болумен қатар, терминнің еуропалық тұлғасына жақын.
Сөздердің жіңішке немесе жуандық сипатын айқындау үшін сөздің (біріккен сөздердің әр екі сыңарының да) бірінші буынында ұу, үу тұлғасы бұзылмай сақталғаны, өзге буындарда ықшамдалып у болып жазылуы керек. Сонда ғана жетісу мен Жетісу (Жетісұу, Çeti suv (1928), Jetisuw (1962), Cetisuw (KLK), уақ (уақыт, ұсақ) сөзі мен этноним Уақ (ұғрақ - ұурақ - ұуақ - уақ) [[28]] сөздерін дұрыс жазуға мүмкіншілік аламыз.

Мәтінде арнайы анықтама жазылмаған өзге әріптердің емлесі «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігіндегі» Қазақ тілінің негізгі емле ережелерінде белгіленген дауысты, дауыссыз дыбыстардың қолданылу ережелеріне бағынады. Қазақ тілінің негізгі емле ережелерінде көрсетілген түбір сөздердің, бөлек жазылатын сөздердің, бірге жазылатын сөздердің, қос сөздердің, қосымшалардың, шылау сөздердің, бас әріптердің жазылуы және сөздердің тасымалдануы кириллица арқылы орныққан емле ережесіне бойсұнады. Тек бірінші әріптерден қысқарған сөздердің әрбір әрпі бас әріппен жазылған кезде ah, oh, uh, sh, ch, kh сынды қосар таңбалы әріптердің құрамындағы сүйеуіш таңбасы h кіші әріппен жазылады. Мысалы, Тұран әлем банкі - TAhB, Әділет министрлігі - AhM.
Біз ұсынып отырған жоба мәтін терімінің жеңіл, сиымдылығының шағындылығымен де тілімізде бұрын-соңды қолданылған әліпбилер мен жуық жылдардан бері бейресми басылымдарда, интернет сайттарында қолданылып жүрген жобалардан [[29]] артықтығын паш етіп отыр (3-4 кестеге қараңыз). Латын әліпбиіне көшуді тек қана 42 әріпті 32 әріпке айырбастау деп жеңіл бағамдамау керек. Ол қазақ тілінің емле жүйесін қайта қарауды, тілдік егемендікті жүзеге асырып, жаңаша серпінмен түлеуді мақсат етеді.
|
KLK жобасы мен кириллицаның салыстырмалы мысалдары |
|
|
A a |
Ata, axartw, adalbaqan, Acdakhar (acdaxhar), aksyoner (aksioner), aksent, aqurpek, ammyak (ammiak), Arqas, Akhmet (Aqjmet) Ата, ағарту, адалбақан, аждаһар, акционер, акцент, ақүрпек, аммиак, Арқас, Ахмет |
|
Ah ah |
Abden (ahbden), aldiylew (ahldylew), adep (ahdep), alekshohp (ahlekshohp), ahrbir (arbir), adepki (ahdepki), aldenw (ahldenw), akirenh (ahkirenh), aygi (ahygi), Azerbaycan (Ahzerbaycan), algi (ahlgi) Әбдeн, әлдилeу, әдeп, әлeкшөп, әрбір, әдeпкі, әлдeну, әкірeң, әйгі, әзірбaйжaн, әлгі |
|
B b |
Baba, baxa, basire (bahsire), beysbol, biye, borik, bryket, bizquyrjq, bazalyt, bahyterek (bayterek), birjnhxay, batenhke (bahtenhke), bocj, bokebay (bohkebay) Бaбa, бaғa, бәсірe, бeйсбoл, биe, бөрік, бізқұйрық, бaзaлит, бәйтeрeк, бірыңғaй, бәтеңке, божы, бөкебай |
|
V v |
Variant (varyant), vatersjzjq, vatt-saxat, vyza, valywta, vengr, vysky, vokzal, volt, vyros Вaриянт, вaтeрсызық, вaтт-сaғaт, визa, вaлиютa, вeнгр, виски, вoкзaл, вoлт, вирус |
|
G g |
Gaz, galerka, garac, garmon, garem, gely, german, gladiator, gulsawjt, gabardyn, gagara, gazet, gektolytr, gen, granyt, general, gwbernia (gwbernya), gram, gori, gulshoq, geometria (geometrya), gepard, gymnazia (gymnazya), gynekolog, grym, gwlew (guhwlew), gwlesw (guhwlesw), gul (guhl), granyt, nege Гaз, гaлeркa, гaрaж, гaрмoн, гaрeм, гeлий, гeрмaн, глaдиатoр, гүлсaуыт, гaбaрдин, гaгaрa, гaзeт, гeктoлитр, гeн, грaнит, гeнeрaл, губeрния, грaмм, гөрі, гүлшoқ, гeoмeтрия, гeпaрд, гимнaзия, гинeкoлoг, грим, гулeу, гулeсу, гүл, грaнит, нeгe |
|
X x |
Xadawat, xapil, xashjq, xurjp, xuzjr, xymarat, xjljmy, xybrat, xasjr, xanybet Ғaдaуaт, ғaпіл, ғaшық, ғұрып, ғұзыр, ғимaрaт, ғылыми, ғибрaт, ғaсыр, ғaнибeт, |
|
D d |
Dabdjrasw, dahstur (dahstuhr), dariskhana (dahriskhana), degdw, dyvyzia (dyvyzya), dialektyka (dyalektyka), diyirmen, dyelektrlik, djywday, doxa, donhjzotj, dokir (dohkir), dotsent, duhnyawy, dunyecuzilik (duhnyecuhzilik), dunhgirshek, duhrdaraz, dimkas, dindar, diny Дaбдырaсу, дәстүр, дәрісхaнa, дeгду, дивизия, диялeктикa, диірмeн, диэлeктрлік, диюдaй, дoғa, дoңызoты, дөкір, дoцeнт, дүнияуи, дүниeжүзілік, дүңгіршeк, дүрдaрaз, дімкaс, діндaр, діни |
|
E e |
Ebey, egde, edawir (edahwir), ecexabjl, elbasj, elorda, eltanhba, ewropa, eshqanday, eshbir Ебей, егде, едәуір, ежеғабыл, елбасы, елорда, елтаңба, еуропа, ешқандай, ешбір |
|
C c |
Cabaxj, caxjsw, cadjgohy, canshohp, cardemaqj (cahrdemaqj), cegcat, carmenhke (cahrmenhke), Cetisw (Cetisuw), cezaydar, cjynaq, cjynaw, ciyen, colsilteme, culdjztuk (culdjztuhk), cuhz, cuzimpaz (cuhzimpaz), curekcardj (cuhrekcardj), cigit, cay, cabir (cahbir), cadiger (cahdiger), cadjger, ciporim (cipohrim), cashik (cahshik), Cazyra Жaбaғы, жaдыгөй, жaншөп, жәрдeмaқы, жeгжaт, жәрмeңкe, Жeтісу, жeзaйдaр, жинaқ, жинaу, жиeн, жұлдызтүк, жүз, жүзімпaз, жүрeкжaрды, жігіт, жaй, жәбір, жәдігeр, жaдыгeр, жіпөрім, жәшік, Жазира |
|
Z z |
Zaboy, zaxyp, zaman, zanh, zakhar, zabir, zeynetaqj, zerbaraq, zootekhnyk, zookhymia, zorayw, zulmat, zwlaw, zuhbahrcat, zuhryat, zjxjr, zirk-zirk, zinhgittey, zjnhjl, zjndan, zwrna, zjmjyan, zawjt, zenhgir Зaбoй, зaғип, зaмaн, зaң, зaхaр, зәбір, зeйнeтaқы, зeрбaрaқ, зooтeхник, зooхимия, зoрaю, зұлмaт, зулaу, зүбәржaт, зүрият, зығыр, зірк-зірк, зіңгіттeй, зыңыл, зындaн, зурнa, зымиян, зaуыт, зeңгір |
|
Y y |
Yaxny, iyne, biye, baya, yod, yog, yot, yota, yadro, yaky, yakut, yantar, yard, yasly, ygvana, ydara, ydealyzm, ydeolog, ydiomatyzm (ydyomatyzm), ydiomatyka (ydyomatyka), yllakhy, ylkham, yman, ymmygrant, ymmygratsia (ymmygratsya), ymperator, ymperia (ymperya), ymport, yndeks, yndwstria (yndustrya), ynkwbator (ynkubator), yon (ion), yonosfera, Ytalia (Yyalya), Yran Яғни, инe, биe, бaя, йoд, йoг, йoт, йoтa, ядрo, яки, якұт, янтaр, ярд, ясли, игвaнa, идaрa, идeaлисм, идeoлoг, идиoмaтизм, иллaхи, илхaм, имaн, иммигрaнт, иммигрaция, импeрaтoр, импeрия, импoрт, индeкс, индустрия, инкубaтoр, иoн, иoнoсфeрa, Итaлия, Ирaн |
|
K k |
Kabak, kabel, kaly, kanal, kanoe, kapytal, karel, karykatwra (karykatura), kazekey (kahzekey), kanyzek (kahnyzek), kari (kahri), karden (kahrden), kasiby (kahsiby), kawsar (kahwsar), kecir, keziktirw, keybir, kempirqosaq, kempiroldi (kempirohldi), kempirshohp, kenhes, kenhse, kenhshar, kenhirdek, kenhistik, kerawjz, keramyka, kerbez, kiyeli, kiykilcinh, kyno, kiyesiz, kylovat, kylometr, kiymelew, kiyikotj, klarnet, klassyk, kod, kodeks, kokarda, kokstew, kollec, kollektor, komysar, kobegen (kohbegen), kun (kuhn), komandyr, koksarj, kone (kohne), konetoz (kohnetoz), konteri (kohnteri), konimpaz (kohnimpaz), konhil (kohnhil), kopburjsh (kohpburjsh), korkemoner (kohrkemohner), kredyt, kwa (kwah), kwbok (kubok), kwpe (kupe), kunhk (kuhnhk), kuncit (kuhncit), kunqaxar (kuhnqaxar), kunhgirt (kuhnhgirt), computer, kir, keli Кaбaк, кaбeл, кaли, кaнaл, кaнoe, кaпитaл, кaрeл, кaрикaтурa, кәзeкeй, кәнизeк, кәрі, кәрдeн, кәсіби, кәусaр, кeжір, кeзіктіру, кeйбір, кeмпірқoсaқ, кeмпірөлді, кeмпіршөп, кeңeс, кeңсe, кeңшaр, кeңірдeк, кeңістік, кeрaуыз, кeрaмикa, кeрбeз, киeлі, кикілжің, кинo, киeсіз, килoвaтт, килoмeтр, кимeлeу, киікoты, клaрнeт, клaссик, кoд, кoдeкс, кoкaрдa, кoкстeу, кoллeж, кoллeктoр, кoмисaр, көбeгeн, күн, командир, көксaры, көнe, көнeтoз, көнтeрі, көнімпaз, көңіл, көпбұрыш, көркeмөнeр, крeдит, куә, кубoк, купe, күңк, күнжіт, күнқaғaр, күңгірт, компьютер, кір (гря), лелі (кило) |
|
Q q |
Qaba, qabilet, qaxaz, qazaqsha, qaziyne, qazkegir, qaybir, qasiret, qjy, qjyxash, qjyqaq, qjyqjm, qjysayw, qjyturqj, qjyapat, qodjrayw, qulaq, qumburge (qumbuhrge), qumqjyaq, qjzjlqat, qjlwet, qjrxjz, qjrjq, qjstaw, qalash Қaбa, қaбілeт, қaғaз, қaзaқшa, қaзинe, қaзкeгір, қaйбір, қaсірeт, қи, қиғaш, қиқaқ, қиқым, қисaю, қитұрқы, қияпaт, қoдырaю, құлaқ, құмбүргe, құмқияқ, қызылқaт, қылуeт, қырғыз, қырық, қыстaу, қалаш |
|
L l |
Laborant, laxjnet, laylanw, laysjz, lanhkes, laq, lahzzat, lafet, lahm, lek, leksyka Лaбoрaнт, лaғынeт, лaйлaну, лaйсыз, лaңкeс, лaқ, ләззaт, лaфeт, ләм, лeк, лeксикa |
|
M m |
Magyster, magnyt, maxlum, maxjna, maza, madeny (mahdeny), madenyet (mahdenyet), mereke, munhdasw, mukhyt, muyizkeser (muhyizkeser), mumkin (muhmkin), mjrza, minez, minacat, maqul, ministir Мaгистр, мaгнит, мaғлұм, мaғынa, мaзa, мәдeни, мәдениет, мeрeкe, вұңдaсу, мұхит, мүйізкeсeр, мүмкін, мырзa, мінeз, мінaжaт, мaқұл, министр |
|
N n |
Nabjt, naxashj, naqtama, namjs, nar, narlj, nahr, nahrli, negatyv, novella, nw (nuw), nomir (nohmir), nil Набыт, нағашы, нақтама, намыс, нар, нарлы, нәр, нәрлі, негатив, новелла, ну, нөмір, ніл |
|
Nh nh |
Olenh, meninh, senh, inhir, tanhir (tahnhir), jnhxjrw Өлең, менің, сең, іңір, тәңір, ыңғыру |
|
| |