Қазақ әншілерінің ішінде ең көп табыс табатын Қайрат Нұртас. Бұл туралы ztb.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ жаңалықтары жазып отыр.

25 жасында ол 9 альбом шығарып үлгерген Қайрат Нұртасы Forbes мәліметі бойынша $2,04 млн табыс тауыпты. Қайраттың бір тойға шығуы $7000 тұрады. Енді ол өзінің брендтік әуе жүйесін іске қосуды қолға алуды жоспарлап жүрген көрінеді.

Екінші орында елдің сүйікті тобы – "Музарт" тобы. Қазақ эстрадасында жүргеніне 13 жыл болған топтың тойдағы гонорары - $6000-ды құрайды.

Жақында ғана Алматыда дүркіретіп концерт берген Қыдырәлі мен Қарақат табысты әншілер тізімінде үшінші орында . Төрт ұлды тәрбиелеп отырған ата-ана әннен бөлек ойыншықтарды шығаруды да жолға қойған. Сонымен қатар, Қыдырәлі Болманов "Ұлытау" тобына да продюсерлік етеді. Жұлдызды жұптың тойдағы гонорары – $6000.
Мәдина Сәдуақасова табысы жөніне төртінші орында. Ол тойда ән шырқағаны үшін $5000 талап етеді. Бесінші орында Ділназ Ахмадиева, алтыншы сатыда Лидо орналасқан.
Табысты әншілер арасында "Ринго" тобы жетінші сатыға табан тіреген. Топтың жылдық кірісі $576 мыңға тең. "Кешью" тобы сегізінші, "Жігіттер" квартеті тоғызыншы орында. Қыздар мен ерлерден құралған бұл екі топтың тойда өнер көрсетуі $5000-ға бағаланады. Ал табысы мол әншілердің үздік ондығын Әли Оқапов түйіндеген. Әли тойда қонақтардың көңілін көтеріп, өнер көрсетуі үшін 4000 АҚШ долларын сұрайды.
Қамшы-ақпарат