Ертең, құдай сақтасын, Қырым сияқты еліміз жұтылып, билікке, күштік құрылымдарға импершіл күштер келіп жатса, алғашқы жүздіктің қатарында атылып кететінімді не елден аластатылатынымды жақсы білемін. Және де шолақбелсенділер соңыма түсіп, табалдырығымнан аттап жатса "Неге келдіңдер? Не үшін?" деп сұрап жатпаймын. Себебін жақсы білемін, түсінемін. Бүгінгі қырымлының көсемдері Жәмілов, Шұбаров сияқты елінен аластатылып, еліме кіре алмай жүруден сақтасын. Ондай тағдырды өзіме де, еліме де, ел ішіндегі жауларыма да тілемеймін. Сондықтан бүгін қарсыласу керек. Сондықтан бүгін тыраштанып белсенді тірлік жасау керек. Бұны әрбір жаны, рухы қазақ азамат жақсы түсінуі керек.

Айдос Сарым. (Facebook-тегі парақшасынан)