МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫ ҚАЙТАРЫЛА МА?

/uploads/thumbnail/20170708154518562_small.jpg

Құрметті Асет Исекешев ! "Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" бойынша, "2010 - 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы" бойынша миллиардттаған теңге мемлекет қаржысы жұмсалуда?

Республикалық индустрияландыру картасы бойынша 9,6 трлн. теңге 609 жобаға жұмсалыпты.

2010 – 2011 жылдары ғана индустрияландыру картасы бойынша 389 жобаға 1,8 трлн. теңге жұмсалған. Аталған 609 жобаның қаншасы жеке меншік компаниялардың жобасы?

Мысалы, 2011-жылы «Capital Project Ltd» ЖШС үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы бойынша Жезқазған қаласында өндірістік қуаты жылына 9,4 мың тонна құс етін өндіруге бағытталған «Бройлерлік құс фабрикасын құру» туралы жоба үшін 2,9 млрд. теңге алды деп көрсетілген.

Осындай жеке меншік компаниялардың бизнесін қолдауға жұмсалған мемлекет қаржысы кері қайтарыла ма? Қайтарылса оның механизмі қандай?

Мақсат Ілиясұлы. (Facebook-тегі парақшасынан)

Қатысты Мақалалар