Күнгей Алатаудағы тау көшкінінен 24 адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170710044613363_small.jpg

Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош облысында тау опырылып үйлерді басып қалды. Қырғыстандағы ТЖМ-ның ақпарына  сай 24 адам қаза тапты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

ТЖМ-ның мәліметінше, 1млн. кубметр көшкін ауылды жергілікті уақыт бойынша  таңғы сағат 4:20да басқан көрінеді.

10-ға жуық үй топырақ астында қалған.Оқиға орнында құтқарушылар тобы жұмыс істеп жатыр.

Елдегі ТЖМ-ның  1996-1998 жылдардағы шешімі бойынша,  бұл аймақ адам өмірі үшін қауіпті және тұруға тыйым салынған аймақ болып есептелінген.

«Наурыз айында ТЖМ  тұрғындарға үйлерін қауіпті аймақтан  қауіпсіздеу жерге көшірсін  деген жарлық шығарған», - деп хабарлайды мекеме баспасөзі.

ТЖМ-ның ақпарынша, 24 адамның барлығы таудың ең қауіпті аймағында тұрған. Тау опырылған кезде барлығы үйлерінде болған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар