Назар аударыңыз! Бұл жерлерде өлуге тыйым салынады!

/uploads/thumbnail/20170710050652303_small.jpg

Мұны қалжың деп ойламаңыз! Біз өмір сүріп жатқан әлемде өлуге заң бойынша тыйым салынған аймақтар да бар екен. Және әр аймақтың неліктен өлуге болмайтыны жайлы өз себептері де бар деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

1. Сарпуренкс, Франция  

Бұл аймақта өлуге болмайтын туралы заңды Сарпуренкс мэрі Жерар Лаланнаның өзі бекіткен.  Себебі, сот зират аймағын үлкейтуге тыйым салған.

 

2. Фальциано дель Массико, Италия

Бұл аймақтың тарихы сәл өзгеше. Бұл жерде өлуге рұқсат берілуі мүмкін, алайда бұл рұқсатты алу үшін алдын ала өз зиратыңызды дайындап, заң бойынша рәсімдеу тиіссіз. Тағы бір таңқаларлық жайт Фальциано дель Массико мэрі өлу үшін осы аймақтан қоныс аударуға  да тыйым салған.

3. Итсукушима, Жапония

Жапонияда Итсукушима аралы қасиетті, таза жер болып есептеледі. Бұл аймақта жан тапсыру киелі тазалықты бұзу болып есептеледі. Алайда, тарих осы аймақта 1555 жылы Миядзима қанды шайқасы болғанын растайды. Дегенмен, қанды шайқастан кейін қан тиген әрбір топырақ басқа аймаққа ауыстырылған. Осыдан кейін де, ешқандай жағдайда бұл аймақта қаза болуға жол жоқ.

4. Лонийр, Норвегия

Бұл жерде жан тапсыруға болмайтынына негізді себеп бар. Аймақтың өте суық болуына байланысты, бұл жерде мәйіт бұзылмай, еш өзгеріссіз сақталады. Лонийде 1917 жылы қайтыс болған мәйіттен тұмау вирусы тараған. Жергілікті халықты қатты ауруға шалдықса, немесе дәм-тұзы бітуге жақындаса, Норвегияның басқа бөлігіне алып кетеді. Осыған байланысты, белгілі бір заман аурулары болашақта таралады деген қауіппен соңғы 70 жыл бойы бұл жерде жан тапсыруға ешкімнің құқы жоқ.

 

Материалдарды жинаған: Алина Болатбек 

Қатысты Мақалалар