Ақсудың «Русские узоры» үлгілі халық фольклорлық ансамблі Татарстан астанасы – Қазан қаласында өткен «Мәдениет үйлесімі. Музыка» атты ХІХ Халықаралық байқау-фестивалінің бас жүлдесін иеленді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Балалардың ән айту мен би билеу мәнері, сонымен қатар жоғары әртістік шеберліктері қазылар алқысын тәнті етті. 17 жас әртіс сахнада «При лужку» атты казактардың және «Пролегала путь-дорожка» деген орыс халқының көпшілікке танымал музыкалық композицияларын орындады.
– «Халық ән айту» аталымында Ресей және ТМД-елдерінен 80 астам шығармашылық ұйымның бар өнерін паш етті. Қазақстан намысын біз қорғадық. Фестивальге алдын ала дайындалдық, репитицияларға үш айдай уақыт кетті. Нөміріміз халық вокалы мен орыс халық биінің элементтерін үйлестірді. Қазылар алқасының сөзінше, балаларымыздың шығармашылық дарыны, энергетикасы басқаларға қарағанда едәуір жоғары әрі ән айту мен би билеу үйлесімін ерекше бағалады, – деді ансамблдің хореографы Надежда Кузьменко.
Өнерпаздардың шараға қатысуына қажетті қаражат ERG мен Павлодар облысы әкімдігі арасында 2017-2018 ж.ж. жасалған әлеуметтік жобаларды іске асыру жөніндегі ынтымақтастық Меморандумы шеңберінде бөлінген. Айта кететін жайт, Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ бастама көтеріп, «Русские узоры» ансамблінің байқауға қатысуын қаржыландыру тармағын аталған Меморандумға енгізген болатын. Сол себепті, өнерпаздардың ата-аналары мен жетекшілері ЕЭК басшылығына ансамбльдің халықаралық фестивальге қатысуына қолғабыс еткені үшін алғыс білдірді.
«...Ансамбль бірінші санатты лауреаты атанып, барлық қатысушылары арасында бас жүлдесіне ие болды! Ұжым жетекшісі Лариса Бабкинаға «Үздік хормейстер» деген марапат бұйырды. Ансамбльдің тағы да бір табысы – «Халық дәстүрлерін сақтау үшін» жүлдесі (кубок). Фестиваль қорытындысы бойынша халық ансамблі қазан айында Санкт-Петербургте өтетін супер-финалға жолдама алды. Жарайсыңдар!!! Көркемдік жетекшілер және балалардың жоғары кәсібилігі және еңбегі анық көрінді. Ансамбль ЕЭК қаржылық қолдауы үшін ризашылығын білдіреді»,– делінген «Русские узоры» ОК ресми парақшасында орналастырылған хабарламада.