4 жастағы баласын күрекпен соққыға жыққан ер адам ұсталды

/uploads/thumbnail/20170710085510936_small.jpg

Шымкентте  4 жастағы баласын күрекпен соққыға жыққан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Қамшы ақпарат агенттігі informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адамды 27 мамыр күні таңертең Еңбекшіқазақ ауданының Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қолға түсірді. Ер адам расымен де Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Ер адам 49 жаста  және жұмыссыз екені анықталды. Әр түрлі жұмыстар атқару арқылы күн көріс жасап жүргені мәлім болды. Видео кезекті жұмыс орнының  бірінде түсірілген.

Соққының астында қалған бүлдіршін әкесімен бірге тұратыны хабарлаған болатын.

 Ер адамның айтуы бойынша, баланың анасы екеуін тастап кеткен.

Ер адамның видеосы 25 мамыр күні желіге таралған болатын. Сол күннен бері іздестірілу жұмыстары жүргізілген.

Бұл туралы видеоны арнаға жолдаған оқиғаның куәсі жазып жіберген. Бейнежазбада ер азамат 4-5 жас шамасындағы баланы бір-бірінің үстіне қаланып орнатылған көлік дөңгелектерінің ішіне тұрғызып қойып, басынан күрекпен ұрып жатқаны түсірілген. Ал шарасыз бала қорғанып, басын қолымен жабуға тырысады. Ал оқиғаның куәсі болып тұрған әйел балаға көмектесуге құлықсыздық танытқан.

Видеоны жіберушінің айтуы бойынша, әкесінің қатігез әрекеттері күн сайын қайталанып отырады екен. Бір күні басын кірпішпен ұрса, келесі күні мазақ етудің, қорлаудың басқа түрлерін тауып отырады екен. 4 жастағы бейкүнә бүлдіршіннің денесінің сау жері қалмаған. Көк ала қойдай сабап болған соң, қанталап , көгерген жерлерін кетіру үшін сағаттар бойы суық судың астында тұруға мәжбүрлейді екен.
Ер адамға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 110 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Шолушы: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар