Зілтемірші Зұлфия Қытайына қайтты

/uploads/thumbnail/20170708150809140_small.jpeg

Лондон олимпиадасына Қазақстан атынан қатысып, чемпион атанған Зұлфия Чиншанло Қытайға қайтты. Мұндай ақпаратты Қытайдың sports.sohu.com сайты таратты.

«Отбасыма қайтудың қуанышы ерекше екен. Өйткені ұстаздарым мен жаттықтырушыларымның жанына келдім. Ең маңыздысы, мен енді туған жерімнің көкөнісінен еркін жейтін болдым.... Мен ешқашан қытайлық емеспін деп айтып көрген жоқпын. Өйткені мен Қытайдың Хунан ауданынан шыққан спортшымын. Елден жыраққа кетіп, Алматыда 5 жыл жүргенімде өзімнің қытайлық екенімді ешқашан ұмытқан емеспін. Өткен жылғы Гуанжоудағы бәсекеде, тіпті осы жолы Лондон олимпиадасында да тілшілердің сұхбатына мен қытайлықпын, Қытайдың Хунан ауданының адамымын деп жауап бердім».

Бұл Чиншанлоның Қытай журналистеріне берген сұхбатынан үзінді.

Ал енді бір сәт қара қызмыздың Лондон олимпиадасы кезінде Қазақстан үшін айтқан жылы сөздерін назарға алып көрелік.

- Мен үшін зілтемірді көтеру оңай болды. Маған мына мойнымдағы алтын медальды көтеру қиын болып тұр. Бұл жеңіс үшін төрт жыл бойы дайындалдым. Алтынымды бүкіл Қазақстан еліне арнаймын, Назарбай рахмет!

Қазақта өз биең құлын тумай, атқа жарымайсың деген сөз бар еді... Мынау дәл соның өзі болып тұр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар