Франциялық Capital Biotech компаниясы «Халал етті тексеретін тест» әзірледі, ол мұсылмандардың қай малдың етін тұтынып жатқанын айқындауға, сусында алкоголь бар-жоқтығын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл туралы ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап ҚазАқпарат жазды.
Ол аста исламда тыйым салынған доңыз етінің бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді.
Жүктілікті анықтайтын тест сияқты, мұнда да екі жолақ бар. Бір жолақ - тыйым салынған қоспаның жоқтығын, екі жолақ - бар екенін білдіреді. Тестілеу үшін жылы су құйылған стақанға өнімнің бір бөлшегін салып, біраздан соң анықтайтын жабдықты суға малу қажет екен.
Компанияның негізін қалаушы Абдеррахман Шауи «Алжирде шыққан тест этикетте қоспалары жазылмаған тағамды сатып алған кезде аса пайдалы, әрі сапарға шыққанда, мейрамханада тамақтанған кезде өте қажет», - дейді.
Ақпаратқа сай, тест жабдығының бір данасының құны 6,9 еуро, орамасы 125 еуро.
Еске сала кетсек, мұсылмандар үшін Құранда халалға жатпайтын тағамдар тізбесі бар. Оған шошқа еті, өлген малдың еті, қағида бойынша сойылмаған мал еті және т.б. жатады.
Қамшы-ақпарат
