Үш жүздің үш шалы әңгімелесіп отырып мақтаныпты: - Біздің ауылдың маңын археолог ғалымдар келіп, 500 метр қазғанда елу метр кабель табылыпты. Сонда,500 жылдың алдында менің ата-бабам кабельдік ТВ көріп, телефон пайдаланған екен ғой, жарықтық - дейтін көрінеді. Оны естіген кіші жүздің шалы: - Соны да сөз деп. Біздің ауылдың жерін 1000 метр қазғанда пластикалық құбыр табылған. Текті атам сол кездің өзінде пластиканы пайдаланып шетелге мұнай айдаған екен ғой, қасқа! Солай деп екеуі де орта жүздің шалына қараса, ол алысқа көз тастап ойлы жүзбен былай деген екен: - Е, менің туған жұртымды оншақты километрге дейін бұрғылап қазғанда ештеңе шықпады. Соған қарағанда, қайран бабаларым сол кездің өзінде ұялы телефонмен сөйлесіп, үй-жайын күн энергия көзімен жылытқан екен. Экспо дегенің бізің бабалардан қалған шаруа екен ғой.

Қуандық Шамахайұлының Facebook-тегі парақшасынан.