(Радио эссе)
Халқына аламан айтыстың қара өлеңінен қаймақ қалқып беріп, аты әлем қазақтарына мәшһүр болған, сұлу жырмен әр жүрекке нұр болып сіңген, арда Алтайдың арыны, Шалқұйрықтай шалымы, өнердегі дара тұлға – айтыс сахнасының дарабоз дүлдүлі Еркін Ілиясұлы 2012 жылы 28 маусымда өмірден озды. Қара ормандай халқы қадірлі ақынын сағына еске алады.
Ақын қазасына жарым жыл уақыт өткенде Шыңжаң халық радиосы, қазақ редакциясының дайындаған хабарын ұсынамыз. Хабарды жүргізген: Жайнар Байқұттықызы. Хабарда Тарбағатай аймағының ақыны Шұғыла мен Еркіннің 2001 жылғы айтысы қоса берілген.
[embed]https://soundcloud.com/nur-ali-nurtay/f4fpemhkf8xr[/embed] Дайындаған: Ерлан Төлеубай “Қамшы” сілтейді