Ғалымдар мұнайға балама қуат көзін Айдан тапты

/uploads/thumbnail/20170708155039629_small.jpg

Қытай ғалымдары «Айдан табылған Гелий-3 элементі Жердегі энергетикалық дағдарыстың алдын алуға көмектеседі. Егер адам баласы Айдан бұл элементті өндіріп алатын болса, одан алынатын энергия он мың жылға жетеді», - деп мәлімдеме жасаған. Бұл туралы Massaget.kz.  хабарлады.

Қытай ғалымдары осылай әлемге жар салудан бұрын Айды мұқият зерттеген. Расында, Жер серігінің беткі қатпарында термоядролық реакторға шикі өнім бола алатын пайдалы қазбалар көп екені анықталды.

Гелий-3 – Жерде өте сирек кездесетін элемент. Себебі, Күн сәулесінің атмосфера қабаттарынан өтуі кезінде аталған элементтің изотоптары тыста қалып қояды. Ал Айда ешқандай ауа қабаты болмағандықтан, Гелий-3-тің  ол жақта мол қоры бар.

Қытай ғалымдары Гелий-3 элементін Ай бетін 600 градусқа ысыту арқылы бөліп алуды жоспарлап отыр. Содан соң шикі материалдар Жерге жіберілетін болады. Бұл элементтің тіптен кішкентай бөлшегінің синтезі біршама энергия бере алады. Айта кетсек, Гелий-3 элементінің 0,02 грамм синтезі бір баррель мұнайдың есебіндегі энергияны шығаруға жетеді.

as16-107-17446

Mail Online газетінің сараптамалық жұмысында небары 40 тонна Гелий-3 элементі бүкіл АҚШ территориясын бір жыл энергиямен қамтамасыз ете алады делінген. Ал Айда бұл элементтің 10 миллион тонна қоры бар екені анықталды. Huffington Post газеті Айдан қазып алынған әрбір тонна Гелий-3 элементінің құны орташа есеппен 3 миллиард АҚШ долларына тең болатынын жазады. Бұл – Жердегі мұнайды қолданғаннан әлдеқайда арзан әрі Жер үшін өте пайдалы болады.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар