Шеттегі қазағымыз оралып, 550 жылдық елдің төлқұжатын алсын!

/uploads/thumbnail/20170708155053431_small.jpg

Қазақ хандығының құрылғанына, қазақ мемлекетінің ірге тасы қаланғанына 550 жыл, ел болып тойлауға елбасы бұйрық берді, дайындықты бастауды тапсырды. Мүмкін болашақта қазақ тарихын одан ұзаққа созатын дәлелдеп бұдан үлкен ұлан асыр той болатын шығар, бірақ, дәл қазір бүйректен сирақ шығармаңдаршы. Біз бес ғасырдан ұзақ өмір сүрген елміз дейтін қуанышты болмайтын көрсоқырлықпен, әйтеу сынау керек деген желеумен сынай бермейік. Керей мен Жәнібек көтерген мемлкеттің негізі мойындалса, әлем жас ел емес екенімізді, мықты тарихымыз бар екенін біліп, Путин секілділердің аузы жабылса тарих бәрі бір орнына келер, ауысқан бірер жыл дәлелденіп толықтанар. Әйтпесе, беделіміз жүз есе еселеніп, күшіміз сан есе артып жатса тарихты Томирис пен Аттила патшадан да бастап алармыз. Тек қазірше ел дұшпандарының аузына құм құйып, тарихымызды 23 жыл емес, бес жарым ғасырға созып тойлап алайық. Сынайтын жұрт табылар бірақ, өзіміз бұра тартып сынағанды, өнбес іске жылағанды тоқтатайық. Қайта жер шарындағы бар қазаққа сауын айтып, ұлан асыр тойды ұлт болып ұйысып, ел болып бірігіп отырып тойлауды ойлайық! Той-тойға ұлассын! Ат-атағымыз қыр ассын! Шеттегі қазағымыз оралып, 550 жылдық елдің төлқұжатын алсын!

Аятжан Ахметжан,

(Facebook-тегі парақшасынан)

“Қамшы” сілтейді

Қатысты Мақалалар