Мәжіліс депутаттары «Заманауи мектеп» жобасының орындалу барысымен танысты

/image/2022/07/11/crop-13_76_523x929_whatsapp-image-2022-07-11-at-12.16.32.jpeg

Павлодар облысына жұмыс сапары барысында мәжіліс депутаттары Айгүл Нұркина, Анатолий Бойчин және Вера Ким «Заманауи мектеп» жобасын іске асыру аясында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Ақсу қаласындағы №4 білім беру мекемесінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Бұл мектеп 1967 жылы салынған. Қазіргі уақытта екі мердігер ұйым толыққанды жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаттары жаңалау кезінде әсіресе өрт қауіпсіздігі мәселесіне баса назар аударды.

Білім беру мекемелеріне қатысты жалпы ақпаратты алға тарта келіп, Анатоий Бойчин:

 

– Өткен аптада біз Ертіс-Баян өңірінің бірнеше аудандарына барып, мектептерді жөндеу жұмыстарын көрдік. Балалардың жан-жақты дамуы үшін футбол және баскетбол алаңдары, көше тренажерлері, ойын алаңдары сияқты қосымша нысандар салынатыны қуантады. Мектептердегі  жөндеу жұмыстары депутаттар мен партия өкілдерінің бақылауында болады, –  деді.

 

Білім басқармасы басшыларының айтуынша заманауи мектеп тек қана күрделі жөндеу емес. Сонымен қатар, жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, мұғалімдерге де, оқушыларға да қажетті жағдай жасалатын болады.

Жалпы, 2025 жылға дейін облыстың 82 мектебінде «Заманауи мектеп» жобасы жүзеге асырылады.

Бұдан бөлек, «Amanat» партиясының сайлау алды платформасы негізінде ауылдық 54 мектепте қайта жабдықтау жұмыстары жүргізілмек.

Мәжілістің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар