Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті сынақтан өтті

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

 Қазан айының 25 – ші жұлдызында Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің құқық қорғау блогы қызметкерлері сынақтан өтті.   

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы Президентінің Дәстүрлі Жолдауына сәйкес, ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап тамыз айы аралығында, барлық құқық қорғау органдары соның ішінде Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасы,  Контрабандаға қарсы күрес басқарамасы мен желдел кезекшілік бөлімдерінің қызметкерлері аттестатаудан өту барысында өздерінің кәсіби біліктілігін мен  әскери және дене шынықтыру дайындығы бойынша жоғары деңгей көрсетті. Аймақтық атестаттау комиссиясының бірінші қорытынды сынағы бойынша -34 қызметкердің ішінен екі қызметкер кеден органынан шығарылды.

25 қазан айында Департаменттің аймақтық  аттестаттау комиссиясы кеңесінің әділетті өтуіне  қосымша қоғамдық бақылаушылар яғни, «Нұр Отан» ХДП өкілі, Қазақстанның брокерлер қауымдастығының өкілі мен «Казахстанская правда», «Импорт-Экспорт» БАҚ өкілдері шақырылған болатын. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, аттестаттаудан өтуге келген қызметкер ҚР заңнамаларын бiлуi және компьютерлiк тестiлеуден өтуi тиiс. Тиiстi құқық қорғау органының қызмет ерекшелiктерiн ескере отырып, дене шынықтыру, жауынгерлiк және қызметтiк даярлық жөнiндегi белгiленген нормативтердi тапсырады. Сондай-ақ, психологиялық жағынан тексеру қарастырылған. Барлық ресiмдердiң ашық және объективтi болуы, әр қызметкердiң құқықтарын сақтау мақсатында жеке тәсiлдер қолданылу жоспарланған.

Шақырылған қоғамдық бақылаушылар кезектен тыс аттестаттауға белсене араласып, атқарылып жатқан кезектен тыс  сынаққа оң бағаларын берді.

 Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің

Баспасөз қызметі

баспасөз хатшысы

Қыдырәлиева Гүлнәр

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар