"Қазақстан Халық банкі" АҚ және "Қазкоммерцбанк" АҚ банкоматтық желілерді біріктіру үдерісін бастады: 10-шілдеден бастап Halyk және Qazkom карталарын ұстаушылар үшін банкоматтан қолма-қол ақша алу кезіндегі қосымша комиссиялардың алынуы тоқтатылады. Енді Halyk және Qazkom клиенттері біріккен банкоматтар желісінде қос банктің кез келген банкоматынан қолма-қол ақша аларда ешқандай айырмашылық көрмейді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
2017 жылғы 1 маусымдағы көрсеткіш бойынша, Халық банкінің банкоматтар желісі 2367 құрылғыны ұсынып отыр, соның ішіндегі 559 банкоматтың cash-in функциясы бар, Қазкоммерцбанктің банкоматтар желісі 2292 құрылғыны құрады, олардың 465-інде қолма-қол ақша қабылдау функциясы жабдықталған. Қазіргі таңда Халық банк 6 млн карта ұстаушыларға қызмет көрсетсе, ал Қазкоммерцбанкте – 2 млн астам, Қазақстанның экономикалық белсенді азаматтарының көпшілігі екі банктің біріктірген банкоматтар желісінің артықшылықтарын пайдалана алады. Айта кетейік, Қазақстандағы әрбір екінші банкомат Halyk+Qazkom банкоматтар желісі болып табылады.
Қолма-қолсыз төлемдер нарығы белсенді түрде дамып жатқандығына қарамастан, қаражатты банкомат арқылы қолма-қол ақшаға айналдыру Қазақстандағы ең танымал банктік операциялардың бірі болып табылады. Ресми статистика[1] бойынша, тек 2017 жылғы сәуір айында ғана қазақстандықтар 683,2 млрд теңгеге осы сынды 17,6 млн транзакцияны жүргізген.
Пікір қалдыру