АҚШ-тағы 2012 жылғы 57-ші президент сайлауы ертең, 6 қарашада, өтеді. Оған Демократиялық партиядан қазіргі президент
Барак Обама, Республикалық партя өкілі
Митт Ромнижәне басқа кандидаттар қатыспақшы.
АҚШ-тағы президентті сайлаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Алдымен жалпы сайлауда халық дауыс берушілерді (выборщики) анықтаса, кейіннен олар президентті сайлауға тікелей қатысып, дауыс береді. Бұл елде 2010 жылы санақ анықтаған 538 дауыс беруші бар. Басқа үміткерлердің ішінде нақты мемлекет басшысы болуға мүмкіндігі барлардан кезінде Республикалық партиядан кетіп қалған
Гэри Джонсон(Либертариандық партия) мен
Джилл Штейнді(Жасылдар партиясы) атауға болады. Бұл екеуі жоғарыда аталған дауыс берушілердің жалпы жартысынан көбінің (270 дауыс) сеніміне ие болу мүмкіндіктері бар. Президеттікке қалған үміткерлер тізімі мынандай:
- Вёрджил Гуд — Конституциялық партия;
- Роки Андерсон — Әділет партиясы;
- Пета Линдсей — «Социализм және азат ету» партиясы;
- Tom Хофлинг — Америка партиясы;
- Розанна Барр — Бейбітшілік және азаттық партиясы;
- Стюарт Александер — АҚШ Социалистік партиясы;
- Парти Джеймс — Харристің социалистік жұмысшы партиясы;
- Том Стивенс — Объективисттер партиясы;
- Мерлин Миллер — Америкалық үшінші жақ партиясы;
- Андре Барнетт — АҚШ Реформистік партиясы;
- Джерии Уайт — Социалистік теңдік партиясы;
- Ричард Данкан — тәуелсіз кандидат;
- Шейла Титтл — тәуелсіз кандидат;
- Джефф Босс — тәуелсіз кандидат;
- Рэндалл Терри — тәуелсіз кандидат;
- Джим Карлсон — Бұқара партиясы;
- Дин Морстад — тәуелсіз кандидат;
- Джилл Рид — тәуелсіз кандидат;
- Джек Феллюр — Тиымдар партиясы;
- Вилл Кристенсен — Тәуелсіз Америка партиясы;
- Джерри Литцел — тәуелсіз кандидат.
Негізгі тартыс Демократиялық партия мен Республикалық партия арасында өтетіні белгілі болса, қазіргі президентке халықтың қолдауы көбірек болатын сияқты. Ел президентін ұлықтау рәсімін американдықтар келесі жылдың 20 қаңтарында өткізбекші.
Серікқазы КӘКІБАЛАНОВ, «Егемен Қазақстан»
Пікір қалдыру