Трамп өзін АҚШ тарихындағы ең еңбекқор президент деп атады

/uploads/thumbnail/20170716220612720_small.jpeg

АҚШ президенті Дональд Трамп ел президенттігіндегі  бес жарым ай ішінде Америка тарихындағы кез келген басқа көшбасшыларға қарағанда, әлдеқайда көп жұмыс атқарғанын мәлім етті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. Ол бұл пікірін Reuters-ке берген сұхбатында айтқан.

«Бес айда АҚШ тарихындағы кез келген президентке қарағанда, көп нәрсеге қол жеткіздім», - деді ол.

«Ирак пен Сирияға қарайтын болсаңыздар, «Ислам мемлекетімен» күресте қол жеткізілген ілгерілеуді көре аласыздар, бұны толық жетістік деуге болады», - деді Трамп. Өзінің еңбегінің жемісіне  сондай-ақ,  америкалық қор биржасы көрсеткіштерінің өсуін, соңғы 16 жылда АҚШ-та жұмыспен қамту мәліметтерінің жақсаруын қосып отыр.  

Еске салсақ, Дональд Трамп АҚШ президенті сайлауында жеңіске жеткеннен кейін, 20 қаңтарда мемлекет басшысы лауазымына кіріскен болатын.  


 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар