Қытай шетелдегі алғашқы әскери базасын құру үшін Джибутиға кемелерін жіберді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Ресми Бейжіңнің мәлімдеуінше, бұл нысан құтқару операциялары мен маңызды теңіз жолдарын қорғауға және бірлескен әскери жаттығулар өткізуге мүмкіндік береді. Ал сарапшылар Қытайдың бұл әрекетін «аспан асты елінің аймақтағы ықпалын нығайту үшін қолға алып отырған қадамы», – дейді.
Әзірге базаға қанша әскеридің орналастырылатыны белгісіз.
Айта кетейік, соңғы уақытта Қытай Африка елдерімен экономикалық байланысын күшейтіп, инвестиция көлемін ұлғайтты. 2015 жылы Бейжің құрлықтың дамуына 60 млрд доллар бөлуге уәде еткен. Ал Африканың шығысында орналасқан Джибутиде АҚШ, Франция және Жапонияның да әскери базасы бар.
Пікір қалдыру