Жапонияда бүгін таңертең екі қылмыскер өлім жазасына кесілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап. Соңғы рет Жапонияда өлім жазасы былтырғы жылдың қарашасында жүзеге асырылған болатын. Синдзо Абэ премьер-министрлікке келгелі бері, яғни 2012 жылдың желтоқсан айынана бастап 19 адам өлім жазасына кесілген. Алдағы уақытта 130 қылмыскер өлім жазасына кесілмек. Өлім жазасына кесілген қылмыскердің жазасы үкім шыққан соң бірнеше жылдан кейін жүзеге асырылады.
Жапония заңы бойынша айыпталушы өзінің жазасының қашан болатынын жылдар бойы күтуі мүмкін, оған жазаға кесілетіні туралы сол күні таңертең ғана айтылады. Жапониядағы бұл заңның гуманизмге қарсы екенін айтып халықаралық құқық қорғау ұйымдары тоқтау сала алмай келеді. Жапонияда өлім жазасын дарға асу арқылы жүзеге асырады.
Пікір қалдыру