Бразилияның экс-президенті 9,5 жылға сотталды

/uploads/thumbnail/20170716220614816_small.jpg

Бұл сот Бразилия тарихында мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлық үшін сотталған алғашқы жағдай.

Бразилияның бұрынғы президенті Луис Инасиу Лулу да Силва сыбайлас жемқорлық пен ақша жымқырғаны үшін айыпты деп танылып, 9,5 жылға сотталды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Би-би-си порталы хабардар етті.

Тиісті үкім Бразилияның федералдық сот органдарының ресми сайтында жарияланған.

Қылмыстық іс Гуаружа курорттық қалада орналасқан пентхаусқа қатысты болды. 2016 жылғы қыркүйекте президентке 3,7 млн реал  (1,1 млн доллар) сомасында ақша жымқырды және сыбайлас жемқорлыққа барды деген айыптар тағылды. Қазіргі уақытта  Лула да Силва сыбайлас жемқорлыққа қатысты тағы 4 қылмыстық істің фигуранты болып отыр. Бразилиялық заңнамаға сәйкес, егер экс-президент аталмыш процесстердің бірі бойынша айыпты деп танылса, ол сайланатын лауазымдарға үміткер болу құқығынан айырылады.   

Да Силваның адвокаттары сот шешімімен келіспей, аппеляцияға беруге ниетті. Ол қаралғанша, бұрынғы президент бостандықта болады.

Экс-президенттің өзі кінәсін мойындар емес. Өзіне қатысты тағылған кез келген айыпты жоққа шығарып, саясаттағы қарсыластарының ісі екенін дәлелдеп әлек.

Шолушы: Гүлім Жақан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар