Ақтөбеде Қазақстандағы алғашқы өңірлік құқықтық қызмет көрсету орталығы ашылды

/uploads/thumbnail/20170716220616813_small.jpg

Бүгін Ақтөбеде Қазақстандағы алғашқы құқықтық қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақтөбе облысы әкімінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, ҚР Бас прокуратурасының аға көмекшісі Сағатбек Сүлеймен, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров қатысты.

Аталмыш орталық – облыстық прокуратураның облыс әкімдігі қолдауымен жүзеге асырған пилоттық жобасы. Жобаның мақсаты – азаматтардың мемлекеттік және құқықтық органдарға деген сенім деңгейін арттыру, олардың жүгіну құқығының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, сапалы құқықтық қызметтерге «бір терезе» қағидасы бойынша қол жеткізуді арттыру.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне талдау жасадық. Құқық қорғау органдарының қызметі бойынша сұрақтар өте көп түседі. Мен аталмыш орталық халық үшін пайдалы болады, әкімшілік кедергілерді алып тастауға мүмкіндік беріп, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының беделін арттырады деп санаймын», - деді Е.Нұрғалиев орталықтың ашылу салтанатында.

Өз кезегінде Бас прокуратураның өкілі С.Сүлеймен облыс әкімдігінің басшылығына аталмыш орталықтың ашылуына көмектескені үшін алғысын білдірді. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірінде осыған ұқсас орталықтар ашу жоспарланған.

Орталықта құқық қорғау және атқарушы органдардың мемлекеттік органдар  әрекеттеріне шағым беру сұрақтары бойынша көрсететін құқықтық қызметтерінің толық жиынтығы ұсынылатын болады. Ақтөбеліктер прокуратура, ішікі істер, әділет органдары, облыс әкімдігі қызметкерлерінен, сонымен қатар, қорғаушылар мен медиаторлардан кеңес ала алады.

Келушілерге қолайлы болу үшін орталық электрондық кезек жүйесімен жабдықталған. Азаматтардың қызметтерді таңдау сұрақтары бойынша білікті мамандар кеңес беретін болады.

ҚҚО облыстық прокуратура ғимаратының жеке қанатында орналасқан.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар