Сан-Францискода бес ұшақ соғысып қала жаздады

/uploads/thumbnail/20170716220628984_small.jpg

Сан-Францискода диспетчерлер бес ұшақты соғыстырып ала жаздады деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі  шетелдік БАҚ-қа  сілтеме жасай отырып.

 Air Canada әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы 7 шілдеде қону  сәтінде ұшу-қону айлағына барудың орнына басқару жолағына шығып кеткен екен.  Ол жерде төрт ұшақ  тұрған болатын. Дер кезінде диспетчерлер  ұшқышқа қауіпті аймаққа өткені туралы ескерткен. Ұшқыш екінші айналымға кетіп, қажетті орынға сәтті қонған. 

"Бес  ұшақ соғысқанда, бұл әлемдегі ең ірі әуе апаты болар еді", - деді Aero Consulting Experts компаниясының бас директоры Росс Аймер.

Жолаушылар осы оқиға туралы тек ұшақтан түскеннен кейін ғана жаңалықтар қызметінен  білген. Ұшқыштың неге басқа жолға шығып кеткенін тергеу тобы анықтайтын болады

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар