Қарағанды облысында 23 адам суға кеткен

/uploads/thumbnail/20170716220635032_small.jpg

 Қарағанды облысында шомылу маусымы басталғалы 23 адам суға кеткен, оның жетеуі бала. Күннің ыстығынан жағажайға келетін демалушылар саны күн санап артып отыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме беріп. 

 «Алайда көпшілігі қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайды», – дейді құтқарушылар. Қауіптің алдын алу үшін төтенше жағдай қызметінің мамандары су қоймаларында түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Бұған қоса аптап ыстықтан дала өрті де өршіп тұр. Қазір тілсіз жау шамамен 13 мың гектардай аумақты жалмап үлгерген. Екі адам ажал құшты.


 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар