«АҚШ ДАИШ мемлекетін жеңу мақсатында да Ресеймен байланыспауы керек», - дейді АҚШ-тың жұмыстан босатылған подполковнигі, стратегиялық сарапшысы Ральф Питерс. Fox News порталына берген сұхбатында талдаушы ресейлік әскерге қатысты пікірін білдірді.
Оның айтуынша, Сириядағы Ресей әскерлерінің террористерден еш айырмашылығы жоқ, ал мемлекеттің өзі Америкамен еш байланысы болмауы тиіс залымдыққа толы мекен.
«Вашингтон мен Парсы елдерінде көбісі ДАИШ мемлекетінің құлауын жеңіс ретінде есептемейді», - дейді тілші. - Біз осы уақытқа дейін сүнниттік терроризммен күресіп келдік. Сол мақсатымызға жетеміз дегенде, мәселенің түбі Иранда жатқанын білдік. Әл-Бағдадидің өлімін неге тойламасқа?»
Ральф Питерс: Иә, тойлауымыз қажет. Бірақ оны орыстар өлтірді деген қорытынды шығаруға әлі ерте. Олар әл-Бағдадиді өлтірдік деген сөздерінен тайып тұрды. Тіпті, ол өлген күннің өзінде, мұны істеген коалиция ұшағы деп үміттенемін..
Себебі Ресей әскері ДАИШ-пен шынайы түрде шайқасып жатқан жоқ. Олар Сириядағы ауруханаларды, қашқындардың бағаналарын, госпитальдарын, мектептерді жарады. Оның үстіне біз қолдайтын адамдарды, Асадқа қарсы оппозицияны бомбалайды. Олар бізге ДАИШ-пен күресті табыстады, біз тапсырманы мінсіз атқарып келеміз.
Тілшінің «неге Ресеймен одақтаспаймыз, олармен қосылып террористермен неге күреспеске?» деген сұрағына былай деп жауап қатты:
Әрине, қолдауға болар еді. Алайда біз террористермен оодақтаса алмаймыз, ал ресейліктер – сол террористердің өзі. Олар исламшыл емес. Және АҚШ-ты жек көретіндерін айта кеткім келеді. Олар ауруханалар мен мектептерді жарып келді. Тіпті шетелден келетін журналистерді өлтіруге дейін барады. Орыс халқымен ортақ дүниеміз болмау керек.
Сондай-ақ, Путинға қатысты да пікірін білдіріп өтті. Путинді қолдамайтынын айта отырып, оны бір сөзбен «қанішер» деді. Ресей президентін Гитлермен салыстыра отырып, былай деді:
Владимир Путинді Гитлермен салыстырып көрелік. Ол Американы жек көреді. Бізге зиянын тигізгісі келеді. «Владимир Путин – мейірміді, Ресей – жақсы мемлекет» деген пікірлерге мүлдем келіспеймін. Ресей – залым мемлекет, біздің дұшпанымыз.
Шолушы: Гүлім Жақан
Пікір қалдыру