БҰҰ мәліметінше, 3 мыңға жуық бейбіт тұрғын Мосулда қоршауда деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. Бұған дейін билік өкілдері қала ДАИШ террористік ұйымынан азат етілді деп хабарлаған.
Қалада ДАИШ террористік тобының ошақтары әлі де сақталған. Бұл тұрғындарға ұрыс аймағынан шығуына кедергі келтіріп отыр. Бейбіт тұрғындардың ішінде балалар мен қариялар көп.
Қала ауруханалары жетім балалар мен жаралы адамдарға толы. Дәрігерлер әбден азып-тозғандар мен жараланған адамдардың көптігінен үлгере алмай жатыр.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет
Пікір қалдыру