Елбасы ТМД елдері ұлттық қауіпсіздік органдарының жетекшілерімен кездесті

/uploads/thumbnail/20170716220718080_small.jpg

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты шара басталар алдында ТМД елдері ұлттық қауіпсіздік органдарының жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасай отырып.

Әңгіме барысында Қазақстан Президенті өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнаулы құрылымдардың халықаралық деңгейде ынтымақтасуы мен өзара іс-қимыл жасауының маңыздылығын атап өтті.

- Алдымызда ортақ міндеттер тұр. Өзара ынтымақтастықта болуымыз қажет. Қазір күрделі кезеңде өмір сүргендіктен, проблеманы жеке-дара шешу де қиын. Елдеріңіздің президенттерімен жақсы қарым-қатынастамын, сондықтан біз барлық мәселені бірігіп шешіп келеміз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Соңында Мемлекет басшысы ТМД елдері арнаулы органдарының жетекшілеріне салтанатты шараға қатысқаны үшін алғыс айтып, сол елдердің басшыларына өзінің жылы лебізін жеткізуді сұрады.

Шолушы: Әсел Болатқызы
 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар