Президент жарлығымен Сенат құрамынан 4 депутат жаңарды деп хабарлайды Qamshy.kz. Ақорда жазғандай,
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып мыналар:
Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева;
Владимир Васильевич Волков;
Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов;
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев тағайындалды.
Ал, оларға Мемлекет басшысының Жарлықтарымен өкілеттіктері тоқтатылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұртай Әбіқаевтың, Икрам Адырбековтің, Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевтың, Людмила Григорьевна Полторабатьконың орны босады.
Бұған дейін Мұсабаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметін атқарған.
Пікір қалдыру