Аргентинада жұмысшылар наразылық білдірген ереуілде 15 тәртіп сақшысы жарақаттанған

/uploads/thumbnail/20170716220753264_small.jpg

Аргентинаның Висенте-Лопес қаласында  Pepsiсo зауытын басып алған жұмысшыларды тыныштандыру кезінде 15 тәртіп сақшысы жарақат алды.  Жұмысшылары өнеркәсіпті жабу туралы шешімге наразылық білдіріп зауыттан күштеп шығарылған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  ТАСС-қа сілтеме жасап. Полиция ғимаратты бір ай бойы қолында ұстаған жұмысшыларға бірнеше ескерту жасаған. Жұмысшылар тәртіп сақшыларына тас лақтырса, полицейлер резіңке оқ атып, көзді жасаурататын газ қолданды. Он шақты  адам қамауға алынды. Ал, зауыт жұмысшылары өндіріс орынының жабылуына қарсы. Өйткені осының салдарынан 600 адам жұмыссыз қалған.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар