Ағымдағы жылдың 27 қазанында Алматы халықаралық әуежайында «Алматы – Үрімші » бағытындағы әуерейсін тіркеу кезінде 50 жастағы Қазақстан азаматы қолға түсті. Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері шетел асып кетпек болған күдіктінің жеке жүктеріне тексеру амалдарын жүргізу барысында одан кеден органында декларацияланбаған 32 580 АҚШ доллары тәркіленген.
Ал, 3 қарашада аталмыш әуежайда «Алматы - Душанбе» бағытындағы әуерейсті тіркеу кезінде Алматы кеденшілері 19 жастағы Тәжікістан Республикасының азаматын ұстады. Шетел азаматының қол жүгінде кеден органында декларациядан өтпеген 33 700 АҚШ доллары табылған.
Аталған екі экономикалық контрабандаға қатысты Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті ҚР ҚК 209 бабының 1 бөліміне сәйкес тергеуге дейінгі тексеру амалдарын жүргізуде.
Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті Баспасөз хабаршысы
Пікір қалдыру