ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың назарына,
Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтың назарына!
Астана – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының идеясымен дүниеге келген тәуелсіз Қазақстанның ең маңызды жобасы. Күллі Қазақ елінің мақтанышы.
Президентіміздің бақылауында тікелей жүргізіліп отырған қала құрылысы күн өткен сайын түрленіп келеді. Алайда ақша табуды мақсат еткен ұятсыз жемқорлардың айласы Астана болашағына қатер төндіріп, Президентіміздің тапсырмасына қиянат жасап жатқандай. Соның бірі – Президентіміздің тікелей тапсырмасымен дайындалған Астананың жарықсыз суларын жинаған «Талдыкөлді тазарту» жобасы. Бұл туралы Президентіміз: «Мұрындарыңыз иіс сезбей ме» деп депутатармен кездесуде айтқанын білесіздер.

Ситат: Бұл жобаның аты:
ПРОЕКТ ОЧИСТНЫХ СООРУЖЕНИЙ и ВОССТАНОВЛЕНИЯ ПРУДА-
НАКОПИТЕЛЯ "ТАЛДЫКОЛЬ" ЭТАП-3.
Жоба мақсаты: Цель проекта:
- Очищение шламонакопителя "Талдыколь", увеличение глубины пруда для восстановления
его дна;
- после восстановления пруда "Талдыколь" выполнение работ по уменьшению уровня воды,
а также работ по благоустройству и планировке ландшафта.
15 миллиард теңгеден артық қаржы бөлінген осы жоба аяқсыз қалатын түрі бар. Себебі, бұл жобаны іске асыруды міндетіне алған Түріктің «Аларко» компаниясы жобаның негізгі сатысы есептелетін 3 сатыны өзі орындауға қауқарсыз болып отыр. «Аларко» компаниясы Астананың болашағына саятын осы жобаны Неміс азаматы Финдзайн (Walter Findeisen) мырзаға тапсырған. Алайды Финдзайн (Walter Findeisen) мырзаның компаниясының аты бірнеше рет өзгерсе де Неміс үкіметі жағынан банкрот деп танылып, өзі 5 рет сотқа шақырылып, келмеген жағдайда тұтқындауға санкция берілген. Ол жұмыс істеуге жарамсыз ең қауіпты бизнесмен ретінде Неміс үкіметінің қара тізіміне енгізілген.
Алдын ала ескертулерге қарамастан «Аларконың» осы маңызды жобаны неміс алаяғына неге тапсырғаны түсініксіз болып отыр.
Сонымен уағында тазартылмаған әрі құрғатылмаған сасыған Талдыкөлдің суы экологтар айтқандай жер астына сіңіп, сол жағалаудағы құрылыстардың фундаментіне одан арман қауіп төндіре бермек.
Екінші жағынан, Талдыкөлдің уақтылы тазартылуы мен құрғатылуы Астана тарихында орын алатын "Экспо-2017" көрмесінің сәтті өтуі үшін де аса маңызды.
Біздің айтпағымыз, Астананың экологиясын тазартуға бөлінген мемлекеттің қаржысы «Аларконың» кесірінен шетелдік аляқтың қалтасында кетіп, Президентіміздің тапсырмасы тағы орындалмай қалама деп қорқамыз. Тиісті құзырлы органдардың барлығына ескертеміз.
Қосымша берілген мәліметтер:
- Финдзайн (Walter Findeisen) фермасының аты талай рет өзгеруіне қарамастан банкротқа ұшырай беретіні туралы құзретті органның мәліметтері

- 2. Финдзайн (Walter Findeisen) мырзаның банкрот болуына байланысты мемлекет алдында түсініктеме беруден 5 рет қашқандықтан тұтқындауға санкция берілгені туралы соңғы мәліметтер

- 3. Іскерлік байланыс рейтинг туралы ақпарат орталығының Финдзайн (Walter Findeisen) және оның фирмасының жұмыс жасауға аса қауіпты екендігі көрсетілген ресми анықтамасы
Мұрал Ахметбай
