Әйелде талай қызық бар. Жапониялық 67-жасар Тискао Кахеки есімді «әзірейіл» әжей өзінің 6-шы күйеуін о дүниеге ұзатып салған. Бұл туралы JapanTimes-қа сілтеме жасай отырып Tengrinews хабарлайды. Киото қаласының билігі хабарлағандай Тисако Кахеки бұл операциямен айналысқанына 20 жылдың жүзі болыпты. Әжейдің соңғы жұбы Исао Кахеки 75 жаста болған. Үйленгендеріне 2 ай өткенде өмірден озыпты. Медициналық сараптама нәтижесінде мәйіттің денесінен улы цианида табылған. Басылым атап өткендей Тисако әжейдің алдыңғы күйеуі Осаки қаласының тұрғыны 2012 жылдың көктемінде көз жұмған. Дүкенге барар жолда құлаған күйеудің де денесінен аталмыш удың табылғаны анықталған. Әжейдің 4-ші жұбы 2009 жылы оба ауруының белгісіз түрімен қайтыс болған. Онан алдыңғы «бажалары» 2008, 2006 жылдары қайтыс болған. «Қаралы жесірдің» ең алғашқы жұбайы 1994-ші жылы 54 жаста болатын. Полицейлер «қаралы жесірдің» бұл жоспарға баруының басты себебі байлыққа қол жеткізу болған деп түсіндіреді. Жапондық БАҚ өкілдері бизнесмен әжейдің 20 жылдық табысы 7 миллион АҚШ долларын құрап отырғанын мәлімдеген. Ал әжей өз кінәсін әлі де мойындамай отыр.
Орынбасар Бақтыбеков