ЕО АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциясына байланысты жауап беруге дайын

/uploads/thumbnail/20170724170103866_small.jpg

ЕО АҚШ-тың Ресейге қарсы ұйымдастырылмақ санкцияларына қарсы, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Financial Times басылымының мәліметінше, ұсынылған шектеулер Ресейде заңды түрде кәсіп жүргізіп отырған еуропалық компаниялардың мүдделерін қозғайтын болса, Брюссель Вашингтонға жауап беруге дайын.

Еурокомиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкердің айтуынша, егер ЕО-ның алаңдаушылығын назарға ілмей антиресейлік санкциялар қабылданса, «жақын күндері іс-әрекетке көшу керек».

Брюссель АҚШ әкімшілігінен шектелген шаралардың ЕО мүддесіне қатысы болмауы тиіс екендігі жөнінде халық алды немесе жазбаша түрде өтініш талап етпек.

Айта кетейік, АҚШ конгерсі палатасының өкілдері Ресейге, сондай-ақ Иран мен КХДР қарсы санкция жүргізу туралы заңнама қабылдаған. Құжат сенатта мақұлданған соң президентке қол қою үшін жіберілмек болды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар